Сенбі, 04.05.2024, 14:00
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Главная » 2014 » Желтоқсан » 08

Өз руын ұлықтап, онымен мақтануда тұрған ештеңе жоқ, қайта оған қуанып, қолдау керек. Мәселе сол өз руыңды қалай сүйсең, қалған рулардың жабылып «Қазақ» — деген қасиетті ұлтты құрайтынын түсініп, басқа руларды да өз руыңдай сүйе білуде болар деп ойлаймын. Әр ру өзінше саусақ болса, сол саусақтар тастүйін жұмылғанда ғана «Қазақ» — деген тастүйін, айналасы жұп-жұмыр, ине ұшы батпайтын тас қамал халық боламыз. Бұл жерде қай рудың бас бармақ, балаң үйрек, ортаң терек, шылдыр шүмек болмаса кішкене бөбек болуында емес, сол саусақтардың қайсысы болса да кем болса жұдырықтың әлсірейтінінде. Сондықтан ағайындар жұдырық мықты болсын десек әрқайсымыз өз руымызды сүйіп, сол рулардан құралатын «Қазақ» — деген ұлтымызды аялап төбемізге көтерейік. Сонда ғана айналамыздағы жаулар жанынан түңіліп, достар сүйінетін болады. Осыны түсіне білсек қана біз темірдей мызғы ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 583 | Добавил: Jakup | Дата: 08.12.2014 | Комментарии (0)

Мемлекет тұрғын үй соғуға жер телімі, бас жоспар мен коммуникациялық желілерді жүргізуді мойнына ала отырып ссуданы (онсызда талан-таражға түсіп жатқан қаржыны) тікелей, пайызсыз әр отбасының өз қолына беріп, әркім өзіне баспанасын өз қалауымен тұрғызуға жағдай жасау керек. Оған Қазақстанда жер жетеді.Сонда қаржы бөлінуіне байланысты бір-ақ жазда адамдар өздеріне баспана тұрғызып алар еді. Ал компаниялар әлеуметтік нысандарды салумен айналысса да жейтін наннан құр қалмайды. Осылай еткенде ғана халық қазіргі бір-бірінен аумайтын тас үйлердің еңсені басып, көз талдырар сұрқайлығымен қоштасып, евростандартты жанға жайлы әсем баспаналарды өздері ақ салып алар еді да, баспана мұңы деген ешқашан болмас еді.

Просмотров: 565 | Добавил: Jakup | Дата: 08.12.2014 | Комментарии (0)

Осы менің онша түсіне алмайтыным біз экономикалық өрлеу үстіндеміз деп мақтанғанда алдымызға жан салмайтын болдық. Жақсы, мықты, айналамыз санасатындай мемлекет болу үшін экономикамыз мықты болғаны да керек болар, оған дау да болмас. Бірақ конститутциямызда жазылғандай мемлекетіміздің ең басты байлығы халқы, адамдары екендігі рас болса сол халқымыздың өсімі де бір мезгіл ойландыруы керек емес па? Мына бір « http://countrymeters.info/ru/Kazakhstan» — деген сайтты оқығалы бері менің миымнан «Осы біздің өсім неге айналамыздағы көрші мемлекеттерден төмен?» — деген сұрақ шықпай қойды.Мына сандарға зер салып қараңыздаршы, бұл тәуелсіздік алғалы 23 жылдың ішіндегі салыстырмалы түрдегі сандар тізбесі:
Қырғыздар: 1991 ж. 4 663 600 адам болса 2014 ж. 5 801 394 адамға жетіп өсім 1 137 794 адам болған.
Өзбектер: 1991 ж. 20 952 000 адам болса 2014 ж. 30 45 ... Ары қарай оқу »

Просмотров: 507 | Добавил: Jakup | Дата: 08.12.2014 | Комментарии (0)

Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика