Бейсенбі, 02.05.2024, 19:49
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2014 » Желтоқсан » 8 » Қазақ өсімі неге төмен.
13:44
Қазақ өсімі неге төмен.

Осы менің онша түсіне алмайтыным біз экономикалық өрлеу үстіндеміз деп мақтанғанда алдымызға жан салмайтын болдық. Жақсы, мықты, айналамыз санасатындай мемлекет болу үшін экономикамыз мықты болғаны да керек болар, оған дау да болмас. Бірақ конститутциямызда жазылғандай мемлекетіміздің ең басты байлығы халқы, адамдары екендігі рас болса сол халқымыздың өсімі де бір мезгіл ойландыруы керек емес па? Мына бір « http://countrymeters.info/ru/Kazakhstan» — деген сайтты оқығалы бері менің миымнан «Осы біздің өсім неге айналамыздағы көрші мемлекеттерден төмен?» — деген сұрақ шықпай қойды.Мына сандарға зер салып қараңыздаршы, бұл тәуелсіздік алғалы 23 жылдың ішіндегі салыстырмалы түрдегі сандар тізбесі:
Қырғыздар: 1991 ж. 4 663 600 адам болса 2014 ж. 5 801 394 адамға жетіп өсім 1 137 794 адам болған.
Өзбектер: 1991 ж. 20 952 000 адам болса 2014 ж. 30 453 768 адамға жетіп өсім 9 501 768 адам болған.
Қазақтар: 1991 ж. 16 450 500 адам болса 2014 ж. 16 954 435 адам болып өсім бар-жоғы 503 935 адамды құраған
. Бұл біздегі сырттан шақырып алған ағайындарымызды қосқандағы жиынтығымыз.
Біз өзіміздің мемлекетіміздің әлеуметтік жағдайын көрші Өзбек, Қырғыз ағайындарға қарағанда жоғары, біршама алдамыз, оларда жұмыссыздық, бірқатар адамдары бізде гастарбайтрлар деп жататынымыз рас қой. Бізде неге бала туу саны аз десек болды әлеуметтік жағдайымызды (пәтер, айлық, мемлекеттік жәрдем т.с.с.) айтып шулай жөнелетінімізде рас. Олай болса әлеуметтік жағдайлары бізге қарағанда анағұрлым төмен көршілерімізде неге өсім анағұрлым жоғары?
P.S. халық саны көрсетілген сандар мына http://countrymeters. сайттан алынды.

Көрсетілім: 507 | Қосқаны: Jakup | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика