Жұма, 03.05.2024, 16:09
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 15 » Ыдырысов Сириядағы қазақтар туралы айтты
19:52
Ыдырысов Сириядағы қазақтар туралы айтты


Астана. 15 қараша. Baq.kz - Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сириядағы Қазақстан азаматтарына қатысты қандай да бір шешім тиісті тексеру аяқталған соң ғана қабылданатыны туралы айтты. 

«Бұл біздің қоғам үшін өте маңызды мәселе екенін білемін. Бұл жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. Ол жаққа тап болған адамдар туралы ақпаратты тексеріп жатырмыз, толық ақпаратты дәл анықтауға мүмкіндігіміз шектеулі екенін түсініңіздер. Бірақ ол адамдардың өз таңдауы болғандықтан қандай да бір күштеу шарасы қажет деп ойламаймыз» деген Ыдырысов журналистерге.

Сонымен бірге ол «қандай жағдайға тап болғандығына қарамастан» шетелдегі қазақстандық азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау өзі басқаратын министрліктің міндеті екенін атап өткен.

Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі «ақпарат мардымсыз болғандықтан», Сирияға «жиһад жасауға барған 150 қазақ» жайлы видеотаспадағы адамдардың Қазақстан азаматтары емес екендігін анықтайтын «мәлімет жоқ екенін» мәлімдеген еді.

Кейін Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті «Сирияда террорлық іс-әрекетке қатысқан» деген күдікпен екі Қазақстан азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған. 



Азаттық
Просмотров: 651 | Добавил: Jakup | Теги: Террор, Қазақстандық волонтерлар, соғыс, сирия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (15.11.2013 19:54) [Материал]
Мыналарың өз ьөмірлеріне риза адамдар сияқты ғой. angry

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика