Жұма, 03.05.2024, 17:34
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 17 » Совет‑Хан ҒАББАСОВ. Ашынған халық ‑ аянбайды...
20:15
Совет‑Хан ҒАББАСОВ. Ашынған халық ‑ аянбайды...

Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының  докторы, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ШҚО-сы, Зайсан ауданының құрметті азаматы, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі – Академик.

Жалпы замана сыры мен уақыт тынысын байыптасақ, қазақ халқының тағдыры үшін - Төре де (президен, үкімет, мәжіліс) - Қара да -  бүкіл Ел болып - жауапты екеніміз анық. Соның ішінде, әсіресе, халықтың – Жері – Тілі – Діні – Ділі - дейтін Төрт діңгегі, немесе Төрт құбыласы түгел  ме?.. Әлде қалай? – деген толғанысқа толы сауалдарға пікір білдіру ауадай қажет екені, күн өткен сайын күрделеніп тұр. Бұл мәселеге жүрдім‑бардым қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі қазақ халқының басындағы қолдан жасалынып отырған, не-бір нәубет пен қасіретті қауыптерді бұдан ары ауырлатпай, байыппен шешудің мезгілі жетті?!.. Сондықтан да, толғауы тоқсан түйіндерді ашып айтып, бүкпесіз сырласудың қажеттілігін түсінгеніміз жөн.

БІРІНШІ  МӘСЕЛЕ: - Халқымыздың табиғатын тану?!

Өйткені, кез-келген халықтың тағдырына берген – Табиғаттың ерекше белгілері, немесе, қасиеттері бар екені анық. Міне осы белгі мен қасиеттер Қазақта қандай сипатта десек :

І-шісі – Жері;

ІІ-шісі – Тілі - екеніне тұшыну қажет.

Мұның дәлелі үшін:

А). Бірінші мысал, көне заманнан сыр шертетін, Ата жұртымызға астамшылықпен келген Кир-патшаның басын алған Тұмар-патшайымға қуат пен айла берген, тек қана ұлан-байтақ Жеріміздің кеңдігі еді ғой. Б). Екінші мысал, орыстың от-қаруынан жасқанбай, он жыл бойы Кенесары жүргізген ұлт азаттық көтерілісі де, сол  Жеріміздің кеңдігіне сүйенді емес пе ?.. Олай болса, қазақ халқының бір діңгегі - Жері !!!..

- Ендеше, бөлшектеп сатудың  шапқыншылығына түсіп жатқан Жерді – дереу нацианализацилау қажет. Қазақ халқы ‑ жерін сатып байымай-ақ, 49-жылға жалға беріп тұрса да жетеді ғой.Әйтпесе, мұның арты үлкен апат !! Қазірдің өзінде жерді сатып алған ‑ Ұйғыр  – енді жер қазақтікі емес – Ұйғырстан құрамыз деп даурығу да; Жақында болған Қазақ пен Ұйғыр төбелесін зерттеп келген «Ұлт тағдыры» қозғалысының комиссиясы «жағаларын» ұстап отыр. Тіпті, Ұйғырстан картасы; Ұйғырыстан туы; Ұйғырыстан ұрандары; бұданда сорақысы, ұйғырлар қазақтың жер аттарын өзгертіп, мемлекеттік тілді де менсінбейді екен. Сондықтан, Алматы облысындағы «Еңбекшіқазақ» және «Ұйғыр» деген аудан атауларын жою керек. Қазақстанда - келімсек ұлттардың атымен, аудан мен қала атаулары болуға тиіс емес. Кірме ұлттарды басқаратын - Әкім, ішкі істер бастығы, мемлекет өкілі - міндетті түрде қазақ болуы керек. Бұл ұлттық мемлекеттердегі айнымайтын қағида екенін – Европа мен Азия - елдерінен көріп отыр емеспіз бе ?! Ең қауіптісі дүниежүзі тыйым салған «Ұйғырдың терористік» ұйымы, Қазақстанда сайрандап жүрген көрінеді... Бұл жайында баспа беттерін де, тіпті жантүршігерліктей  деректер жазылып та жатыр...

- Жер сатудың лаңынан, бұл сияқты астамшылық ойлар - Кәрісте де - Орыста да - Дүнгенде де - тіпті Күрттер де - бар көрінеді. Барлығының да астыртын ұйымдары –  мәдениет орталығы – дегенді жамылып жұмыс істеуге көшіпті. Халық арасында осындай сөз көп. Анық-қанығына жетуді, Ел бірлігінің қорғаны ретінде Ұлттық қауыпсіэдік көмитеті – тексеріп, шынайы жағдаймен халықты хабардар ету қажет. Сірә, ата-бабамыз ескерткен : -«Іштен шыққан жау жаман» - дейтін сөз  бекер айтылмаса керек.

Екінші діңгегі – Тілі ?! 

Халқымыз –«Өнер алды- қызыл тіл» - деп ұрпағына өсиет қалдырғанда, бар өнердің қайнары - тілде екенін біліп айтқан ғой. Жұртымыздың осы Тіл - атты діңгегін шайқалтып, құлатуды көксейтін, шалақазақтар мен космополиттердің жөнін табудың да уақыты жеткен тәрізді. Орыс бодандығынан енді ғана босадым ба деген Қазақ  халқы, өз ішінен шыққан шұбар жылан тәрізді, не тілін, не дінін, не дәстүр-салтын сыйламайтын шалақазақтардың бодандығымен қасірет жұтып отыр. Ұлтымызды мұнан әрі қорлай беруге болмайды!!..  Ел мен Жердің тозғындауын тоқтатудың  уақыты жетті...

Шындығына келсек, бүгінге дейін, Ана тілі жайында қоғамымызда біржақты пікір қалыптасып отыр. Ол - Тілді, тек қатынас құралы ретінде бағалау?!.. Бұл – биологиялық та, тіпті физиологиялық та заңдылықтарға қайшы келетін, қате пікір. Сондықтан да, ана тілінің адамды – кісілікке жеткізіп, оның азаматтық санасын ашатын, тек 10-түрлі қасиетін айту жөн сияқты. 

Ендеше,Тіл тек – қатынас құралы ‑ ғана емес екенін дәлелдеп көрейін;

- Біріншісі – жарайды, қатынас құралы делік;

- Екіншісі – ата-баба зердесімен байланыстыратын тек  ‑ ана тілі – екен. Оны ғылымда ‑ филогенетикалық жад ‑ дейді. Бүгінгі ‑ шала қазақтар мен космополиттердің кесапат әкелуінің басты себебі – олар ата-баба  зердесімен байланыста болмағандықтан, ‑ халықтық - ұлттық құндылықтар ‑ дегенді  түсінбейді, керісінше оған  жатырқап қарайды.

Санасы ояна бастаған кейбіреулері,  балаларын қазақ мектепбіне бергенмен, ол балалар сабақтан шыға салысымен бір-бірімен орысша сөйлеседі. Әрине, бұл баланың кінәсі емес!. Ана құрсағындағы сәтінен, ата-анасы орысша сөйлеуінің салдары екені белгілі.

- Үшіншісі - халықтың менталитеті – ділі де, тек қана ана тіл арқылы беріледі. Тілі бұзылған халықтың менталитеті де, рухы да жойылады. Қазақ халқының тегі - өте мықты! Қазір дүниежүзінде 2500 халық болса, солардың ішінде ұрпақ алмасуын табиғи  сұрыптаумен ‑ «жеті атаға дейін қыз алыспайтын» ‑ дәстүрді ұстайтын, тек  қазақ халқы ғана. Сол арқылы, тектік қасиеттерін тоздырмай асылдандырып отырады.

- Төртіншсі: ‑ "озорение” (мүттағала) ‑ дейді. Абайды данышпан, кемеңгер дейміз. Неге? Абайдың өлеңі де, қара сөздері де "озорениемен” жазылған, оны – Мүттағала ‑ Құдай тағала, Аллаћ тағала ‑ дейді. Осыны- Мұхаңның "Абай жолы” романының екінші томынан оқыдым. Бір абзац бойы осы "мүттағаланы” - "озорениеге” балама ретінде түсіндіреді. Міне,  Ана тілін білмеген адамнан осы - мүттағала - қашады екен.

- Бесіншісі – рух ?! Ана тілін білмеген адам, халықтың рухани байлығын жасай алмайды.  

– Алтыншысы - имандылық, ар-ұят та тілден пайда болады.

- Жетіншісі мен Сегізіншісі – Таным мен Талғамды да тіл қалыптастырады. Ана тілін білмейетін қазақтың талғамы - мүлдем басқа талғам. Мысалы, зергерлік бұйымдар, даналық өрнектер, ою-өрнек, қазақтың ұлттық киімі - дүниені таңғалдырып жүрген, солардың бәріне әсер етіп отырған –ана тілі.

- Тоғызыншысы – Мейірім, Оныншысы – Рақым ‑ дейтін қасиеттерді де ана тілі сіңіреді. Жаңағы шалақазақ пен космополиттерде мейірім жоқ. Өзінің тіліне, ұлтына, халқына ‑ деген мейірім болмағандықтан, олардан  р а қ ы м  күту де мүмкін емес. Оларды адастырып отырған – еліктеушілік пен солықтаушылық. Кісіліксіздік !..

Қазір саналы жанды, не істеу керек дейтін сұрақ көп мазалайды. Өйткені, біздер аз санды халықпыз ?! Осы толғаныстардан туған ойымды ашып-жарып айтуды жөн көрдім ;

- Біріншіден ‑ қоғамға Тәртіп пен Әділет керек. Мемлекеттің бақыты - осы екі мәселеде ?!. Қоғамдағы қаптап кеткен түнгі клубтар мен әр бұрышта самсап тұрған казинолар, бесіктен белі шықпаған балаларды қан-құйлы қатыкез ойындарымен бұзып жатқан комютрлік  дүңгіршектер, автоматты ойындар – мұның барлығы адамдарды – құмарлыққа құнықтырып – аздыра береді. Бұлардың да наша-құмарлық тәрізді сипаттары бар. Оның жағымсыз жағдайлары, қазірдің өзінде қоғамымызды жайлап барады...

- Екіншіден ‑ Ұрпақ тәрбиесін түзеу керек. Ол үшін тәрбиені ана құрсағынан  бастау қажет.Бұл жайында ғылыми негізделген жаңакөзқарастағы ілім де бар.

Жалпы біздің оқу-ағарту саласында - «білім беру» дегеннен басқа, «тәрбие беру» дейтін ұғым да жоқ. Оның үстіне, республикамызда өзінен шыққан жаңалыққа «тас керең» бола қалатын қалыбы бұзылар емес! Осының айқын көрінісі, бүкіл оқу-ағарту жүйесінде – Халық педагогикасы мен Ұлттық психологиясы – пән ретінде жүргізілмейді.Өзінің халықтық тағылымына деген мұндай қатынас, жетіліп отырған елдерде бар ма ? Әрине, жоқ!!!..  Ендеше, халық педагогикасы мен ұлттық психологиясынсыз - Ұрпақ тәрбиесін жөнге салар тетік те, жауап та жоқ !.. Ал, бұл ілімнің өз топырағымызда ғылыми негізделіп ашылғанына  20-жыл болды. Бірақ, аяқтан шалғаннан басқа, елең етер ешкім де жоқ. Тіпті, білім-ғылым министрлерінің қолдарына да ұстатылды. Еш  әрекет етпейді...

- Енді мемлекеттік тілді үйрену мәселесіне келейік. Қараңызшы?!

Бүкіл орыс мектептерін, ұйғыр, корей, өзбек, дүңген мектептерінің –  бәріне қаражатты беріп отырған кім?.. Сол қаражат кімнің дәулеті? Қазақ мемлекетінің және қазақтың ырыс-несібесі ғой. Тіпті, сол мектептерде сабақ беретін оқытушылардың жалақысын төлеп отырған кім? Тағы да қазақ мемлекеті беріп отыр. Олай болса, мемлекет тілін ақы беріп үйрету, бұл тағыда сол – осы мемлекеттің иесі – қазақ халқын қорлау деген сөз. Осы мемелекетте тұрған қандай ұлт болмасын - мемлекеттік тілді білуі – аксиомалық зањдылық. Рас қазақ мемлекеті қаржыландырып, тірші­лігіңді жасап беріп отыр ма, ? Ендеше, қандай сөз бар? Осы мемлекеттің отын оттап, суын ішіп, осы топырақтан нәр алып, өсіп-өніп отырсың ба, ? Олай болса, еш уәжсіз бұл мемлекеттің тілін білуің шарт. Тіпті, бұл қай ұлттың болмасын - азаматтық борышы ғой.Осыны түсінетін мезгіл жетті емес пе ?...

‑ Ендігі бір ерекше айтуды қажет ететін мәселе, бұл бүкіл Денсаулық сақтау саласы мен Білім беру жүйелерінің ғылыми негізсіз ‑ Үкімдік шешімдермен ‑ аса қатты адасып отырғанын айтқан жөн. Бұл екі салада, тікелей Адам табиғатымен байланысты бола тұрса да, ешуақытта өзгермейтін – Тіршіліктің – Биологияның – Физиологияның – тұрақты заңдылықтарын кәперіне алып, ескермейтіндіктері таң қалдырыды. Бұл – отпен ойнау арқылы – апатты қолдан жасау ?! Мұның мысалы, денсаулық саласында ‑  қарапайым халықты зар жылатып отырған Емханалар мен Ауруханаларды айтсақ, білім саласындағы ғылыми негізделмеген 12-жылдық реформа мен ұлттық тәрбиенің ( Халық педагогикасы мен Ұлттық психология) пән ретінде жүргізілмеуден, Ұрпағымыздың еліктешілікке ұшырап отырғаны. Міне осы арада айтпауға болмайтын, соңғы жылдары тағы да сол, ғылыми негізге сүйенбеген Үкімдік шешіммен ұсынылып отырған Үш тілділіктің (Ағылшын - Орыс - Қазақ) мәселесі. Тіпті, бұл жоғарыдағы айтылған Биология мен Физиология заңдылықтарының иісі мұрнына бармайтын адамдардың шешімі. Олардың әуейленгені соншама, бұл шешімді бала бақшасынан бастатып, кең түрде жолға қоймақ?! Бұлар баланың физиологиялық қалыптасуы мен ми психикасының жетілуінен мүлдем хабарсыз жандардың аса ауыр қателіктері десе болады. Іргелі елдерге жататын жапон, неміс халықтары, балаларына басқа тілдерді үйретуді, тек 9-10 жасынан ғана бастайтыны ғылыми негізге сүйенгендік екені белгілі. Біздердің балабақшасындағы 3-4 жастағы сәбилерге үш тіл үйретеміз деуі, сыпайылап айтқанда, қаскүнемдік болып табылады. Өйткені, психикасы әлі қалыптаспаған балаларға шет тілдерінің салмағын салу, ұрпақты есалаң, яғный шизо жасауға ұмтылыс десе болады. Жалпы, бүгінгі Үкімет ‑ Қазақ халқын ашық қорлаудан неге тайынбай отыр? Мұның сыры мен сипаты неде? Халық сайлаған ‑ Президент пен Мәжіліс – Елдің пікірімен неге санаспайды. Біз бұлардан, соларды сайлаушылар ретінде, Ата заңдағы құқымызбен талап етеміз!...

«Шын-ақпарат»

Просмотров: 829 | Добавил: Jakup | Теги: тіл, жер, діл., Дін | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (19.11.2013 15:01) [Материал]
Еліне жаны ауыратын ағалар бар екені қуантады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика