Жұма, 03.05.2024, 10:23
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 6 » Сайлау Байбосын. Оңтүстіктегі ел бері келсе, оң шаруа болар еді
20:44
Сайлау Байбосын. Оңтүстіктегі ел бері келсе, оң шаруа болар еді


Өткен аптада сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова Қазақстанның оңтүстік өңірінен біраз халықты солтүстік аймаққа көшіру керек немесе солтүстік өңірлерге арналған «сібірлік» коэффициент төленуі керек деген төтенше ұсыныс жасады. Біздіңше бұл өте дұрыс шешім. Өкінішке орай депутат мәселенің экономикалық жағын ғана қарастырыпты.

Ал түсіне білсек, оның рухани пайдасы қаншама! Себебі осы секілді мәселені біздер «Жас Алаштың» бетінде осыдан бірер жыл бұрын көтеріп едік. Мысалы, арнаулы квотамен шеттен келіп жатқан оралман бауырларымыздың барлығын солтүстік аймақтарға қоныстандырса дегенбіз. Олармен 10 жылға дейін ешқайда табан аудармайсың деген келісім-шарт жасалса дегенбіз.

Сосын әрбір туылған бала үшін жоғары деңгейде әлеуметтік жәрдемақы төленсе, аз жылда солтүстік өңірдегі жергілікті ұлт өкілдерінің қатары көбейіп кетер еді дегенбіз. Мысал керек болса, айтайын. Ана бір жылы жол үстінде кездескен оралман келіншектің былай деген еді: «Аға, біздер алғаш Қазақстанға келгенде орталыққа қатынайтын автобустың ішінде орыстілді 20 адам келе жатса, солардың ішінде 2-3 қана оралман болатынбыз.

Өзімізді ата жұртқа емес, басқа бір мемлекетке келгендей сезінетінбіз. Қазір, міне, құдайға шүкір, 10 жыл өтті, енді автобустың ішінде 20 оралман келе жатсақ, ішімізде орыстілді 2-3 адам ғана болады». Міне, халықтың өскені. Бұған ешқандай ғылыми дәлелдің қажеті жоқ.

Енді осы солтүстік аймақтарға оңтүстіктегі қандастарымыз келіп қоныстанса, қатарымыз тіпті көбейер еді. Ал қазақша сөйлейтіндердің қатары көбейсе, бұл жақта тұралап қалған тіліміз тұғырына мінер еді. Аталмыш ұсыныстың рухани пайдасы да ұшан-теңіз деп отырғанымыз осы. Ауырған адамды қан құйып емдейтін сияқты, оңтүстіктегі қандастарымыз келсе, ол бұл жақтағы ұлт рухына құйылған қан іспетті болар еді.

Енді коэффициент жөнінде. Кеңес уақытынды бұл жақтағы еңбеккерлерге 30 пайызға дейін сібірлік коэеффицент төленетін. Себебі солтүстіктегі ағайынның тұрмыстық шығыны оңтүстікке қарағанда анағұрлым көп. Мысалы, Шымкенттегі қазақ үстіне 10-15 мың теңгенің күртесін сатып алса, сосын оны еш қиналмастан қыста да киіп жүре береді. Себебі күн жылы. Ол жақта азық-түлік те арзан. Қай жағынан алсаң да, тұрмыс жеңіл. Ар жағындағы Бішкектің базарынан арзан киім-кешек, азық-түлгін алады.

Ал бұл жақтағы ағайынға ондай арзаншылық жоқ. Іргедегі Ресейдің тауары удай қымбат. Бұндағы ел қысты күні тоңбас үшін үстіне тон, басына тері тымақ, аяғына пима немесе жылы етік алуы керек. Қыста үйіңді жылы ұстау үшін 15-20 тонна көмір қажет. Оның құны 80-100 мың теңге болады, не  болмаса ортан қолдай бір бас малыңды бересің.

Қолдағы азғана қой-ешкің, тана торпағың қарашадан бастап, сәуірдің аяғына дейін алты ай қорада тұрады. Оны асырап шығу үшін қолында техникасы жоқ адам он шақты тіркеме шөпті сатып алады. Оның құны 200-250 мың теңгеден асып жығылады. Бұдан бөлек тағы бір малың қыста жейтін тамағыңа кетеді. Оқитын бал-шағаң, басқадай шығындарың бар.

Бұның барлығы отбасылық бюджетке үлкен шығын әкелетіні белгілі. Кеңес үкіметі осыны ескеріп, кезінде сібірлік коэфициент енгізіп еді. Қазір бұны халықтың тағдырына жауапты болып жүрген жиырма мен отыздың арасындағы сарыауыз шенеуніктерге айтсаң, ертегі деп қабылдайтыны сөзсіз. Ал егер шындап қарасақ, сібірлік коэфициентті бұл жақта тек жалақыға ғана емес, зайнетақыға да енгізу керек сияқты.

Солтүстік облыстарда қазір жүздеген ауылдар қаңырап бос қалды. Ол жерден халық кетейін деп кеткен жоқ, тоқсаныншы жылдары күнкөрістің қамымен амалсыздан көшті. Әйтпесе, солардың барлығы да кезінде өзінше тірлігін жасап жатқан ел еді. Бұрындары бір ауылмен бір ауылдың арасы 20-30 шақырым болатын, қазір ел кеткесін 50-60, тіпті 100-150 шақырымға дейін ұзап кетті. Сосын кім тұрады ол ауылдарда?

Салыстырып қараңызшы. Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында халық саны 300-400 мыңға дейін жетеді. Ал Ақмола облысындағы Егіндікөл ауданында екі мыңыншы жылдары 14 мыңнан сәл ғана астын халық бар болатын. Дәл осылай бола берсе, сенатор айтқандай, солтүстіктегі ауылдарды біржола жауып, «өлі аймаққа» айналдыру керек шығар.

Кезінде төсі мыңғырған малға толы дала қазір қу медиенге айналған. Енді сол аймақтарға оңтүстіктегі ағайындар көшіп келіп, мал өсіріп, егін салса, үкімет оларға жеңілдетілген несиемен көмек жасаса, бәрі орнына келер еді дейсің. Онсыз да миллиардтаған ақша желге ұшып жатыр ғой.

Бірақ қазір осы жақта отырған елге қол ұшын бермей отырған үкімет, оны жасайды деп айта қою қиын. Мысалы, былтырдан бері ауыл тұрғындары үшін «Сыбаға», т.б. жеңілдетілген несие береміз деп, елді дүрліктірді.

Көп адам өтініш жазғанын білемін. Бірақ міне, қыс түсуге айналды, жүздеген мың теңге ақшасын шашып, құжаттарын рәсімдеп әуреге түскен аулыдағы ағайын сол несиені ала алмай ауыздарын ашып әлі отыр. Сондықтан үкімет басындағылар сенатордың сөзін қаперге ала қоюы екіталай шығар деп ойлаймыз.

 Ұлт порталы

Просмотров: 619 | Добавил: Jakup | Теги: қазақтандыру., Солтүстік, қоныстану | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (06.11.2013 20:45) [Материал]
Шекаралық аймақтардың қазақтандырылғаны өте дұрыс болар еді.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика