Жұма, 03.05.2024, 12:53
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 4 » Отырарлық ақсақалдан хат
22:51
Отырарлық ақсақалдан хат

Қазiргi таңда Отырар ауданындағы мен сияқты мұғалiмдердiң денсаулығы мүшкiл. 50 жасқа жеткендерiнiң көпшiлiгiнiң жүрiп-тұруы қиындаған. Баспалдақтан түсіп - шығуы мұң. Баспалдақтан қиғаштап түсіп, түске дейін "сыртқа" екі рет шығатындарын қайтесіздер.

Сұрасаңыз бәрі "мықтымын" дейді. Ауыруын жасырған халық қой. Бауыр, бүйрек, асқазан, қан қысымы және зәр жолдары ауруымен ауыратындары қаншама. Менiң бiр басымда осы аурулардың барлығы бар. Бұдан кейiн "зейнеткерлiк жасты көремiз бе, көрмеймiз бе?” деген ой мазалайды.  

 
Құрметтi халық қалаулылары мен ел ағалары!  Экологиялық апат аймағындағы халықтың зейнеткерлiк жасын әйелдерге – 50, ерлерге 55 деп бекiтсеңiз­дер екен! Бауыр, бүйрек, асқазан, қан қысымы, қатерлi iсiктен кеткендер шағымдана алмады. Бұл жөнiнде статистикада көрсетiлмейтiнi айдан-анық.

Менiң қаншама жерлестерiм зейнеттiң не екенiн бiлмей кеттi. Зейнеткерлік жасқа жете алмай, жеткені зейнетақысын ала алмай кеткені қаншама. Өтiрiк көлгiрсудiң керегi не? Уран, мұнай (газ), қара және түстi металдар, мал өнiмдерi, ас­тық, некесіз туған ұлды, түгел бәрiн шетке саттық. Қане соның қаржысы? Жекелеген кiсiлердiң қалтасынан артылмады ма?


Менiңше, зейнеткерлiк жасын ұзарту керек дейтiндер бала бағудан қашқан, немереден безген, бесiк жырын айта алмайтын апалар деп ойлаймын. Немесе Аллаға иман келтiрiп намаз оқығысы келмейтiн, Құдайдан безген имансыз қарттар шығар. "Жұ­мысты кәрi қақпастар iстесiн, қыздар тәнiн сатып, ұлдар жанын сатып күндерiн көредi" дегендер, қубастар шығар. "Мен жастарға сенбеймін" деп жүргендер шығар.

 

Бұлар жастарды жалмайтын "ХХІ ғасырдың жалмауыздары" ма деп ойлаймын. "Қартаю иттiң де қолынан келедi, "Қария" болу адамның ғана қолынан келедi" деген атам Қазақ. Жөнiмiзбен қартаяйық, ағайындар. "Алла" деп иман келтіретін, жастарға ақыл айтатын қария болайық.

Егер де "мұсылманның баласы" болсақ. Отырарлық әйелдердi – 50, ерлер­дi 55 жаста зейнет­кер­лiкке 100%-бен шығаруға Отырардан шығып жатқан уранның қаржысы молынан жетедi.

Алпысбай Абдрайым

Отырар ауданы, ОҚО

Ұлт порталы







Просмотров: 475 | Добавил: Jakup | Теги: Зейнет жасы, жоғарыдағы ақымақтар шешімі. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (07.11.2013 08:37) [Материал]
Осы жетесіздерді де тәрбиелеген өзіміз, өзіміз сияқты аталар, "бұндай ит боларын білгенде күшік кезінде өлтіре салапр едім"-демекші, өкінішті! weep

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика