Жұма, 03.05.2024, 13:05
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 17 » Исламдағы отбасы
20:31
Исламдағы отбасы


Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор − жанұя. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады.

Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда мәнсіздеу дүние көрінгенімен оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең. Алла тағала Құран аяттарында әрдайым тақуалықтан танбауға шақырады. Тақуалық отбасылық қарым-қатынаста да орын алуы қажет.

Өйткені отбасылық өмірде Алладан қорқуды бұйырмаса, әйел кісілер көп зұлымдыққа ұшырауы анық еді. Әдетте, ер адам жұбайымен келісе алмай қалған жағдайда оны үйден қуып шығуға тырысады. Негізінде талақ етілген әйелдің иддасы (күту мерзімі) бітпейінше үйден шығаруға күйеуінің ақысы жоқ. Кейбір әйелдер киім-кешегін жинап, өзі үйіне кетіп қалады.

Әрине, бұл да дұрыс емес. Өйткені, Құранда «Өздері де шықпасын» деп бұйырады. Талақ етілген әйел идда уақыты бітпей күйеуінің үйінен кетіп қалса, күнәһар болады. Шариғаттың бұл үкімі басқа үкімдер секілді ғибратты (хикметке толы). Талақ етілгеннен кейін иддасының уақытын бітуін күтіп үйінде отырған әйел мен күйеуінің арасы жарасып кетуі әбден мүмкін. Жарының ашуы басылып, өз-өзіне келіп, қайта табысуына мүмкіндік болады.

Бұл проблеманың басты себебі – үйленген жігіт пен бойжеткеннің өздеріне тиісті міндеттерін ескермеуінен және отбасылық жауапкершілікті сезінбеуінен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әйелдердің сендерге қатысты міндеттері бар. Сондай-ақ, сендердің де әйелдеріңе қатысты міндеттерің бар», – деген. Олай болса, әуелі ер адамның әйелі алдындағы міндеттеріне тоқталсақ. 1.Жұбайымен жақсы қарым-қатынаста болу, көркем мінез таныту.

Ерлі-зайыптылардың арасында сүйіспеншілік, бір-біріне деген мейірімділік пен кешірім болуы керек. Сондықтан отбасында кездесетін болмашы нәрселерге бола бір-бірін ренжітпеулері тиіс. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, көршісіне азар бермесін және әйеліне әрдайым жақсылық жасасын! Өйткені, олар қабырғадан жаратылған. Әлбетте, қабырғаның ең иілген жері ұш жағында.

Егер оны түзетемін десең сындырып аласың. Егер оны солай қалдырсаң, ол сол иілген күйінде қалады. Сондықтан, әйелдерге үнемі жақсылық жасаңдар!», – деген. 2. Әйелдерге нәпақа беру, яғни материалдық жағдайын жасау, тамақтандыру, киіндіру, т.б. Муауия ибн Хайда әл-Қурайший (р.а) риуаят еткен хадисте: «Ей, Алланың Елшісі, жұбайымыздың алдында қандай ақыларымыз бар?», – дедім. Ол кісі (с.ғ.с): «Қашан тамақтансаң, оны да тамақтандыр. Өзіңе киім алсаң, оған да киім әпер.

Әйеліңнің бетінен ұрма және жаман сөзбен балағаттаушы болма. Әрі үйіңнен басқа жерде дауысыңды көтеріп ұрыспа»,–деді»,–делінген (Әбу Дәуід пен Тирмизи). 3. Қателіктерін жасыра білу. Әйел адам жаратылысы нәзік бола тұра кейде ер адам көтере алмайтын ауыртпалықтарды көтере алады. Дегенмен, олардың көңілдері бос келеді, жылы-жылы сөйлегенді ұнататын халық. Мұны ер-азаматтар түсінулері қажет.

Үй шаруашылығындағы кейбір кемшіліктерді көрсе де, көрмегендей болып, оны айтса да, көңіліне тимейтіндей етіп айтуға тырысуы қажет. Осындай болмашы нәрсенің кесірінен жанұяға талақ түсуі ықтимал. 4. Ер адам жұбайының алдында әрдайым әдемі болып көрінуге тырысуы керек. Біз көбіне жақсы киімдерімізді көшеге шыққанда, қонаққа барғанда киеміз, сол кезде қырынып, жуынамыз, иіссулар себінеміз.

Ал үйге келгенде қалай болсын солай киініп жүре береміз. Дұрысы, үйдегі сізді күтіп отырған жұбайыңызға әрдайым жақсы киімдеріңізді киіп, иіссу себініп, әдемі болып көрінуге тырысыңыз. 5. Ер адам сабырлы болуы керек. Ер адам әйелі барлық жағынан кемел, кемшіліксіз, менің жұбайым сондай адам, ол мені сыйлайды, ол маған қарсы шықпайды деп ойламауы керек. Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар.

Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болып табылады. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді.

Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу  дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек деп білемін.Қазақ ұғымында отбасы- өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жайдарылылық жағылған отқа үйіреледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы-үмітінің өшпес алауы.

Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Қазақ санасында ежелден келе жатқан салт - отқа май құю, бұл нені білдіреді? От-бұл ұлы құдырет, киесі мол қасиетті нысан, одан қазақ жақсылық күтеді, игіліктің тірегіне теңейді. Ырым қып май құйып, өзіне берген жылылығының қарызын өтеуге құлшынады.Қазақ салтында «Отбасы» тәлімі ерекше дәстүр.

Отбасындағы көріністің бәрі бала өміріне әсер етеді. Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Ал ана болса- отбасы беріктігін сақтаушы, бала тәрбиелеуші, ерлерін сыйлап, рухани қолдау көрсететін тұлғалар. Біздің қазақ «Әкеге қарап- ұл өсер, анаға қарап-қыз өсер» , «Баланың жақсысы- әке мен шешенің ары» дейді.

Бүгінгі таңда көптеген отбасылар баланың тек материалдық жағын қамтып, рухани жағын көтеруге уақытты тапшы көреді. Жетім балалар мен тастанды балалардың әлеуметтік проблемалары көбейіп кетті. Осыдан шығар жол қайда?Біздің халық ер адамды ұлықтаған, ол-үйдің отағасы, балалардың әкесі.Бүгінгі таңда әке түрлі себептермен отбасындағы күшін жоғалтқан. Сонымен бірге әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы кездесуде.

Ата-ананың мейірімін көріп, сезініп өспеген бала - өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді,қатыгез болып келеді.Түйіп айтқанда, отбасында ата-аналар барлық перзенттеріне бірдей қарап, мейірімділік және қамқорлық көрсете отырып, қатал да талапшыл болса; ата-ана бойындағы барлық тәрбиелік қасиет бала бойына сіңірілсе. Осы жайттарды ескермей бала тәрбиесін жақсы жолға қоюға еш мүмкіндік жоқ. Қазіргі кезде ата-ана жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан көше кезіп, қаңғыбас бала саны көбеюде, болмашы нәрсеге өмірін қиып, жетім бала, жетім қарттарымыз көбеюде.

Ау, халайық, заман ілгерілеген сайын, біз қайда барамыз?Ғалымдардың зерттеуіне үңілсек, ата-бабамыз бала тәрбиесінде 7 түрлі мәселені қамтыған:Ең алдымен әдептілікке үйреткен, «Әдепті бол» деп міндеттеген;Екінші, мейірімді, иманды болуға ;Үшіншіден тілалғыш, елгезек болуға үйреткен;Төртінші, өнегесі көп қариялар сөзін бойына сіңірген;Бесінші, ата-ананы сыйлауды, құрметтеуді үйреткен;Алтыншы, біреуге орынсыз тиіспеуге, аманатқа қиянат жасамауға үйреткен;Жетінші, ел қорғаған батыр болып, халық алдында адал қызмет етуге үйреткен.

Бір сәт ойланып көріңізші, сіздің практикаңызда осы аталғандар бар ма? Біз қазақ халқы рухы биік халықпыз, пейіліміз кең, қонақжайлылығымыз бір төбе, ниеті ақкөңіл, басқаның қайғысына ортақтаса кететін, отбасында тату-тәтті өмір сүруді қалайтын, қыңырлығы аз, кек сақтамайтын, өздігінен қиян-кескі ұрысқа бармайтын текті халықтың ұрпағы  есіңді жиятын кезің келді!

Жанат АМАНГЕЛДІҰЛЫ, 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Ұлт порталы 

Просмотров: 909 | Добавил: Jakup | Теги: ислам, отағасы, отанасы, отбасы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (19.11.2013 14:59) [Материал]
Жастарға оқуға  пайдалы екен...

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика