Сенбі, 04.05.2024, 02:07
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 22 » Имамнан иман кетті.
14:08
Имамнан иман кетті.

Астана. 22 тамыз. Baq.kz – Алматыдағы орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында үш жыл оқыған Жанар Боранбаева "Имамнан иман кетті" деген сұмдық мәлімдеме жасады.

Хиджабты қыз, "мешіт ғимаратының төменгі қабатында тек қыздарға ғана тәлім беретін ұстаздардың қылығы үшін ұяламын" - дейді. Айтуынша, имамдар 17-18-дегі қыз балаларды екінші немесе үшінші әйелі қылып, некесін қия салады. Артынша, қыздың иманы ұнамай қалса, үш мәрте "талақ" айтып, әлгі қызды тастай салатын көрінеді. Немесе дін жолында жүрген қызды қонақ үйге шақыратын имамның иманы қайда, - деп алматылық ару ашынып отыр.
"Мен Боранбаева Жанар Құрманбекқызы. Саяхаттағы орталық мешітке 2008 жылдан бастап бара бастадым. Содан бері мешіттің ішінде көптеген былықтардың куәсі болдым". 31 арна редакциясына арнайы келген алматылық Жанар Боранбаеваның өз ойын жинақтап, жазып келген қойын дәптеріндегі шағымы осылай басталады. Орталық мешіттің діни сауат ашу курсында үш жыл білім алған тәлімгерге, сәлделі азаматтардың қызға қырындағаны ұнамаған.


ЖАНАР БОРАНБАЕВА:


"Ол жақта Дүйсен деген имам кісі бар. Дүйсен деген имам кісіге таныстырған екен. Екеуі танысып, екі-үш күндердің арасында ана қызбен кездескенмін. Ол қыз айтты, ойбай мына имам мені қонақ үйге шақырды деді."


Қонақ үйге бармақ түгілі, атынан үркетін иманды қызға имамның бұл қылығы жат көрінген. Жанар, "қыздарға тәлім беретін ұстаз мұсылман қыздар мен жігіттерді бір-бірімен таныстырады" - дейді. Сондай-ақ, толық айғағы қолында болмаса да, орамалды қыздың айтуынша, имамдар жас қыздарды екінші немесе үшінші әйелі қылып алып, ұнамаса, үш мәрте "талақ" айтып, тастап кететін көрінеді. Ал,ол мұңды қыз келесі молданың келіншегі болып, шыға келеді, - дейді.


"Анау қыз қайғының үстінде отырған кезде, екінші имам келеді де, ол жағдай сұрасқан болып, ол жақындасады. Ол да талақ деп айтып кетеді. Жезөкше, тегін жезөкше сияқты, сырттағы жезөкшелер ақшаға жұмыс істесе, мұндағылар тегін".


Естеріңізге сала кетсек, дәл осы мазмұндағы пікірді осыдан екі жыл бұрын біздің редакциямызға Аиша есімді қыз айтқан. Тек ол бойжеткен, орталық мешіттегі имамдарды емес, жекелеген үйлерде тәлім өткізетін сақалдылар туралы айтқан болатын.


АИША:


"Ухтилер, яғни бұл мұсылманша әпкеміз ғой. Сол кісілер айтты, «ахимен» некеңді қи, намазханмен жұптасуға қарсы шыққаның - Алланың қалауын қылмағаның, Аллахтың қаһарына ұшырайсың, - деді. Үш рет хитба болды, яғни кездестік. Содан кейін менімен некесін қиды. Көп уақыт өтпей, "талақ" еттім деді".


Ал, орталық мешіт өкілдері Жанардың айтқанын жалаға балап отыр. Наиб имам, орамалды қыздың қылығын әдеттегідей Исламға қарсы жасалған әрекет деп отыр. Және Дүйсен деген имамның Орталық мешітте жұмыс істемегенін айтады. Жанардың да өздеріне үш қайнаса, сорпасы қосылмайды деп отыр.


ОРАЛХАН РАХМАТБЕКҰЛЫ, Орталық мешіттің наиб имамы:


"Жанар Боранбаева деген қыз бізде сауат ашу курсында тіркелмеген. Біздегі сауат ашу курсына келген кез келген қыз бала болсын, ұл бала болсын, алдымен тіркеуге алынады".


Бірақ Жанардың қолында мынадай суреттер бар екен. Айтуынша, бұл суретке ол орталық мешітте оқып жүрген кезінде түсіпті.


ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, Тілші:


"Алайда, Жанар Боранбаева "өз сөзім-ақиқат" - деп өз айтқанынан айнымай отыр. Ол ұлағатты ұстаздардан тәлім алғым келеді дейді. Бірақ қыздарды қонақ үй мен саунаға шақыратын имамнан имани тәлім алғым келмейді деп отыр".

  Baq.kz

Просмотров: 644 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
-1  
2 Қонақ   (23.08.2013 08:48) [Материал]
Біздегі ҚМДБ-нің өзі де сау сиырдың боғы емес.

0  
1 yesbolat83   (22.08.2013 23:38) [Материал]
Бұл мүмкін емес жағдай. Алматы орталық мешітінің жанында орналасқан діни сауат ашу курсының оқыту сапасы мен ұстаздары және ондағы ахуалдарды ҚМДБ-ның тікелей қадағалауында.

0  
3 Jakup   (23.08.2013 08:49) [Материал]
Осындай келеңсіз жағдайларды бұрындаоры да құлағым шалғаны бар.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика