Сенбі, 04.05.2024, 10:24
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Басты » 2013 » Тамыз » 30
Бүгінгі күндері жаңа оқу жылына бүкіл мектептер қызу дайындыққа кіріскен. Бір ауылды жаңа білім ордасы қуантатын болса, енді бір ауылды заманауи құралдармен жабдықталған мектептер қуантпақ. Нақтырақ айтар болсақ 7 мыңнан астам мектеп есіктерін айқара ашып, 260 мың балғын бөбектер білім шаһарының табалдырығын аттамақ. Ендеше жер мен көкті қоңыраудың сыңғырлаған үні мен сәбилердің тәтті күлкісі бөлемек. Тағы айта кетер жайт 12 жылдық білім беру жүйесі үкімет отырыстарында талқыланып, ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту керек деген шешім шығарды. Онымен қоса жоғары сыныптарға тағы да бірнеше пәндер енгізбек. "Елдің болашағы - жастар!" Жастар қашан да білімді болып, көштің алдында жүрулері керек.
Просмотров: 641 | Добавил: Серпер | Дата: 30.08.2013 | Комментарии (2)

Астана. 28 тамыз. Baq.kz Тентегін тыйып ұстаған кешегі ата-бабаларымыздың тәрбиесі бүгінгіге жүрмейді. Бүгінде ата-ананы тыңдамайтын, әкенің жағасына жармасқан ұл, шешенің бетінен алған қыз өсіп келеді. Тәртіп тіні үзіліп, қоғамның қасіретіне айналған қиын балалар аз емес. 

ҚР ішкі істер министрінің мәліметтеріне сүйенсек, арнайы базада тіркелген қиын балалардың тізбегі бүгінде 6 мыңнан асып кетіпті. Ал елімізде жыл сайын 7 мыңнан астам қылмыс жасөспірімдердің қолымен жасалатыны анықталып отыр. Қазір сол жас тентектерге арналған арнайы түрмелердің саны да артып келеді. Еліміз бойынша олардың саны төртке жетті.

Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ұғымымызда бұрын қиын бала деген мүл­де бол­ма­ған. Бұл термин бізде 90-жыл­дары ... Ары қарай оқу"

Просмотров: 615 | Добавил: Jakup | Дата: 30.08.2013 | Комментарии (2)

Шай тіс шірімесінің алдын алады. Кэрри Ракс­тон есімді ғалым тісті сақтау үшін күніне кемін­де үш-төрт кесе қара шай ішу керектігін ескертеді. 

РБК-ның хабар­лауын­ша, қара шайдың құрамы стрептококк пен лакто­ба­цил­дерге қарсы тұратын заттарға бай. Сол себепті шайды көп ішу тіс эмалінің бұзы­луынан сақтайды. Қара шайға қант­тың қосылуы да оның бакте­рияларға қарсы реакциясына кедергі бола алмайды. Ға­лым­­дардың зерттеуіне қара­ғанда, көк шайдың да ауыз қуысын бактериялардан тазарта алатын қауқары бар. Көк шай, бұған қоса, ауыздағы күкірт мөлшерін бейтараптандырып, жа­ғым­сыз иістерді жояды.

Дереккөз: Алаш айнасы.

Просмотров: 575 | Добавил: Jakup | Дата: 30.08.2013 | Комментарии (0)

Астана. 30 тамыз. Baq.kz – Астанадан 200 шақырымдық жердегі Макинск қаласының ерлі-зайыпты зейнеткерлері 10 жыл ішінде 40-қа жуық баланы қамқорлығына алған. Азаттық тілшісі үлкен отбасының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. 

Ақмола облысы Макинск қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Серік Әкімбаев пен Жаңылған Әкімбаеваның 44 баласы бар. Олардың 5-уі өз балалары болса, қалғандарын балалар үйінен патронаттық қамқорлыққа алған.

Отасқандарына 35 жыл толған зейнеткерлердің қамқорлығына алған перзенттерінің ішінде 9 этникалық топ өкілдері бар. Олардың жетеуі студент атанған. Отбасына алғаш келгендердің жасы қазір 40-тан асыпты. Ал кенжесі 4 жаста. Өз перзенттерінен бөлек 39 баланы бауырына басқан Жаңылған Әкімбаева Азаттыққа берген ... Ары қарай оқу"

Просмотров: 622 | Добавил: Jakup | Дата: 30.08.2013 | Комментарии (0)

Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика