Сенбі, 04.05.2024, 00:59
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 22 » «Балалар некесі» әлемді алаңдатуда
14:13
«Балалар некесі» әлемді алаңдатуда

 Астана. 21 тамыз. Baq.kz - Дүниеде жар таңдау – ең жауапты іс. Өмірлік серігін адаспай тауып, бақытты өмір сүру – әрбір адамның ізгі арманы. Бірақ бесіктен белі шықпаған кішкентай қызды күштеп күйеуге берсе, бұл қаншалықты орынды?!

 Әрине, махаббат жас талғамайды. Әлемде кәмелеттік жасқа толмай некеге тұратындар көбейген. Мәселен, жыл сайын әлем бойынша 10 миллион адам ерте жастан некелеседі екен. Өмірдің ақ-қарасын ажырата алмай жүріп, жанұялы болу мәселесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорын да алаңдатып отыр.
БҰҰ-ның Балалар қоры әлем бойынша қыз балалардың некеге тұру жасын бекіту керек деген ұсыныс білдірді. Өйткені соңғы кездері бойжеткендерді күштеп күйеуге беру фактілері жиілеп кеткен. ЮНИСЕФ-тің неміс бөлімшесінің бастығы Ниньи Щарбонно ертеден тұрмысқа шыққан қыздардың мектеп бітірместен ана атанатынын алға тартып, дабыл қақты. БҰҰ ерте жастан некеге тұруды «балалар некесі» деп айдарлаған. «Балалар некесі» – некеге тұрған екі адамның бірі кәмелеттік жасқа толмаған дегенді білдіреді. БҰҰ-ның Балалар қорының мәлімдеуінше, балалар некесі «баланың құқығын таптау» болып табылады.
БҰҰ-ның бұлай алаңдауына себеп те жоқ емес. Йеменде 11 жасар қыз ерте жастан некеге тұрудан бас тартып, үйінен қашып кеткенін баяндаған бейнеролик ғаламторды жайлап, жұртты елең еткізді. Бұл жайт Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерін бей-жай қалдырмады. Мамандар әлемде некеге тұру жасын бекіту керек деген байламға келген. Әрине, әлемнің әрбір мемлекетінде кәмелеттік жасқа толмаған адамға некеге тұруға тыйым салынады. Дегенмен заңды белінен басып, қыздарын ерте жастан ұзататын ата-аналар бар. Ол ол ма, Африка елдерінде тіпті 9 жастан бастап ұлды ұяға, қызды қияға қондырады. Деректерді сөйлетсек, әлем бойынша күн сайын 18 жасқа толмаған 39 мың ару тұрмысқа шығып, отанасы атанады. Жылына 14 миллион қыз бала өзге үйдің табалдырығын аттайды. Балалар некесі бойынша Үндістан алдыңғы орында тұр. Үндістанда барлық некенің 47 пайызының қалыңдығы кәмелетке толмаған қыз балалар. Ал пайыздық көрсеткіштер бойынша 10 елдің ішінде бірінші орында Нигерия тұр. Мұнда барлық некенің 75 пайызы балалар некесі болып саналады. Жасыратыны жоқ, Орта Азия елдерінде ерте жастан некеге тұру мәселесі ушығып тұр. Бір мемлекетте жергілікті заңды алға тартса, енді бір елдерде ұлттық ерекшелік пен салт-дәстүрді желеу етеді. Өзбекстанда қыз балалардың ерте жастан келін атануы олардың білім алуына бөгет болып отыр. Өзбекстанның бас прокуроры Рашит Қадыровтың айтуынша, 2012-2013 оқу жылдарында лицей мен колледждердің 2114 студенті күйеуге шыққан. Сорақысы сол, табалдырық аттап, басына орамал салған 944 ару оқуын кейінге ысырып, отбасылық өмірді қалаған екен. Енді елде некеге тұру жасы туралы заңды ескермеген азаматтар қатаң жазаға тартылады.

Baq.kz

Просмотров: 640 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Қонақ   (22.08.2013 17:16) [Материал]
Қайта жақсы адам саны көбейеді.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика