Жұма, 03.05.2024, 19:34
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 14 » Азаматтық алу жолдары
11:12
Азаматтық алу жолдары


Астана. 13 қараша. Baq.kz – Шетел азаматтарының қазақ жерінде мекен ету барысында заңнамалық тұрғыдан әрқилы жағдайлар туындап жатады. Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовтың блогына түскен Игорь есімді жігіттің арызы да осы мәселе төңірегінде.  

Хатта: «Менің жұбайым Өзбекстан азаматы болып табылады. Біздің екі жасар қызымыз бар. Өкінішке орай, өзге елдің азаматшасы болғандықтан екеуміз заңды түрде некелесе алмай отырмыз. Тіркеуден де өту мүмкін болмауда. Бұл мәселені қалайша шешуге болады?», - деп, арыз иесі жұбайын жер аударып жібереме деп алаңдауда.
Аталмыш сұраққа төмендегідей жауап қайтарылды: «Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасында тұрақты мекен етуге рұқсат алу қажет. Рұқсат қағазын алу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ішкі істер органдарының көші-қон полициясының аймақтық бөлімшелеріне келесі құжаттарды өткізуі қажет:
- «Тұрақты тұру үшiн» санатындағы визасы бар адамдар: Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерi мен көшi-қон полициясы бөлiмшелерi беретiн «тұрақты тұру үшiн» санатындағы визасы бар жарамды паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; өлшемi 35x45 мм екi фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиiс);
- Қазақстан Республикасында өзге де заңды негiзде уақытша болатын адамдар: бланкiсiн көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi беретiн өтiнiш-сауалнаманы; келген елінде соттылығының бар болуын не жоқтығын растайтын құжатты; кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретiнде болуы мүмкiн шетелдiктiң азаматтығы мемлекетiнiң жазбаша келiсiмiн; жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары беретiн медициналық куәландыру туралы ресми анықтаманы; Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде төлем қабiлеттiгiн растау туралы белгiленген үлгiдегi құжатты; өлшемi 35x45 мм екi фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген болуы тиiс әрi адамның бетi фотосуреттiң жалпы алаңының 75%-ға жуығын алуы тиiс) ұсынады.
- Көшіп-қону квотасына сәйкес Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер мынадай құжаттарды: көшіп-қону квотасына қосылғанын растайтын құжатты; бланкiсiн көшi-кон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi беретiн өтiнiш-сауалнаманы; кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшiн шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретiнде болуы мүмкiн шетелдiктiң азаматтығы мемлекетiнiң жазбаша келiсiмiн; жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын» делінген.
 

Baq.kz

Просмотров: 790 | Добавил: Jakup | Теги: ерінбеу., рәсімдеу, азаматтық, Құжат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (19.11.2013 15:10) [Материал]
Осы тіркеу дегенді мүлдем алып тастаса не болар екен?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика