Жұма, 03.05.2024, 13:29
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 17 » Қазақстан әскерилеріне Өзбекстан төте жолды бөгеді
20:38
Қазақстан әскерилеріне Өзбекстан төте жолды бөгеді

Өзбек билігі Шанхай ынтымақтастық ұйымының «Бейбіт борыш – 2012» лаңкестікке қарсы оқуларына қатысу үшін Тәжікстанның солтүстігіне бет алған Қазақстанның әскери техникасын өз аумағынан өткізуден бас тартты, деп хабарлайды MIGnews.

«Өзбек билігі Қазақстанның әскери техникасын өз аумағынан өткізбей қойды. Қазақстан Қарулы күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасы лаңкестікке қарсы оқуларға қатысу үшін Өзбекстанды айналып өтіп, Қырғызстан аумағы арқылы Тәжікстанға жеткізілді», – деді Тәжікстандағы Қазақстан елшілігінің дипломатиялық қызметкері Серік Жұмаділов. Сондай-ақ, Ташкент өз шешімінің себебін түсіндірмегенін айтты.

Екі күнге созылған «Бейбіт борыш – 2012» оқулары бейсенбіде аяқталды. Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан және Ресеймен бірге Өзбекстан да ШЫҰ-ның тең құқылы мүшесі болып табылады. Бірақ Тәжікстандағы оқуларға қатысудан бас тартты.

Тәжікстан мен Өзбекстан ШЫҰ және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше болғанымен, екі ел арасында дүрдараздық көп.

 

Bnews.kz

Фотосурет megapolis.kz сайтынан

Просмотров: 431 | Добавил: Jakup | Теги: жаттығу, жауынгерлер, Өзбекстан, Террор, әскер, Қазақстан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (19.11.2013 14:58) [Материал]
Біздің осы оңтүстік көршілеріміз іштарлық ауруына үшыраған-ау деген ой келеді. tongue

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика