Жұма, 03.05.2024, 17:34
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 6 » Қазақстан – қағазстан болмауы керек
20:55
Қазақстан – қағазстан болмауы керек


Қазақстандағы бастамалар тек қағаз жүзінде іске асырылатындығы туралы пікірді респондеттер арасынан жиі естуге болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының жобалар бойынша директоры Юлия Кучинская мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, институт тарапынан жүргізілген әлеуметтік сауалнама барысында Үкіметтің әрекетсіздігі туралы пікір азаматтардың ұғымында бекініп алғанын көрсеткен. Осы орайда бүгінде "Қазақстанда барлығы тек қағаз жүзінде іске асырылады" деген сөздер жиілеп барады.

26-31 қазан аралығында аталған институт телефон арқылы Қазақстан халқы арасында сауалнама жүргізген. Бұл тұрғыда респондеттерге "соңғы жарты жылда мемлекеттік органдардың өкілдері сіздің проблемаңызбен және сіз тұрып жатқан елді мекеннің мәселелерімен қызықты ма?" деген сауал қойылған.

Осы орайда сұралғандардың тек 18 пайызы ғана оңды жауап қайтарған. "Мемлекет қабылдаған және жүзеге асырған бағдарламалар қоғамның мүддесіне сай келе бермейді, сондай-ақ халықтың қажеттілігін қанағаттандырмай жатады.

Мәселен, әрбір үшінші респондент айрықша алаңдататын проблемалар ішінен жемқорлық пен мемлекеттік органдардың қауқарсыз жұмысын атап өтті. 41 пайызы денсаулық сақтау мәселелерін атаса, 24 пайызы жолдардың құрылысына алаңдап отыр. Сонымен қатар олардың үштен бірінен астамы білім саласының проблемасы мен өмір сүруге қаржы табу жағдайының төмендігін, ал әрбір бесіншісі баспанамен қамтылу мәселесін қозғаған.

Жалпы алғанда, сауалнамаға қатысқандардың 85 пайызы Мемлекет басшысының сынымен толық келісетіндіктерін мәлім етті. Ел халқы бұл сын әбден негізді екенін әрі әділ екенін алға тартуда", - деді Ю. Кучинская.

Бұл сауалнамамен 14 облыстың қалалық және ауылдық, сондай-ақ Астана мен Алматы тұрғындары қамтылды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 11 қазанда өткен кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар салалардағы кемшіліктерге байланысты Үкіметті сын тезіне алып, тиісті тапсырмаларды жүктеген болатын.

Ұлт порталы.

Просмотров: 511 | Добавил: Jakup | Теги: үкімет, әлеумет., саясат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (06.11.2013 20:57) [Материал]
Біздің ел қағазстан болғалы қашан?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика