Жұма, 03.05.2024, 13:43
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 10 » Қарағандыда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды
14:05
Қарағандыда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды



Қарағандыда «әмбебап полицейлер» такси жүргізушісіне шабуыл жасауда күдікті үш азаматты ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«9 қарашада кешкісін жеке такси болып нәпақасын тауып жүрген «Ауди-90» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көшеде үш адамды көлігіне отырғызған. Барлық жолаушылар артқы орындарға жайғасады. Вагонная көшесіне келе бергенде олар арттан жүргізушіге тап беріп, қылқындырмақ болады. Ер адам қаскөйлерден қашып құтылып, полицейлерге шабуыл жөнінде хабарлады», - деді ІІД баспасөз қызметінде.

Оқиғаға байланысты барлық жеке құрамға нұсқау жіберілді.

Шабуылдаушылар мінген «Ауди-90» автокөлігін Пичугин көшесінде ЖПП автопатрулі байқап қалып, ізіне түседі.

«Қуғыннан құтылмақ болған күдіктілер полицейлік «УАЗ» автомобиліне соқтығысады. Содан соң ұрылған көлікті тастап, жігіттер жан-жаққа қашты. Полицейлер самбо әдістерін қолдана отырып, қылмыскерлерді ұстады», - деп атап өтті облыстық ІД баспасөз қызметінде.

Ұсталғандар - 28 жастағы үш жұмыссыз азамат - біреуі Қарағанды қаласының, екеуі Ақтас кентінің тұрғындары.

«Ұсталғандар барлығын мойындады, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Олар уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - деп түйіндеді облыстық ІД баспасөз қызметінде.


Просмотров: 497 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (10.11.2013 14:07) [Материал]
Ха-ха-ха, қашып бара жатқандарға самбо әдісін қолданыпты дейді, өтірік те айта алмайды. biggrin

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика