Жұма, 03.05.2024, 22:12
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 14 » Қарағанды қаласында қар жауды
23:18
Қарағанды қаласында қар жауды


14 Тамыз 2013,

Астана. 14 тамыз. Baq.kz – Қарағанды қаласында қар жауды. Табиғаттың тосын мінезіне таң қалған тұрғындар, жауынның соңы қарға ұласқанын айтады. Бірақ, олар тамызда жауған қардың ақ емес, ерекше түске боялған түрі деп отыр. 

Михаил Привалов, Журналист:
- Мен суретке түсіріп жүрдім. Көзге шағылысады. Бұл нақты қар, жаңбыр болған кезде шағылыспауы керек.

Михаил Привалов кешкі сағат 10 шамасында балконға шығып, күннің ызғарлы екенін байқайды. Оның айтуынша, қар бірнеше уақыт бойы үйлердің шатырларын жауып тастаған. Ал, кейбіреулер әлеуметтік желілерде қардың алқызыл түсті болғанын жазған. Қаланың өзге ауданындағы тұрғындар да қар жауғанын көрген. Алайда, метрологтар ешқандай қар байқамадық дейді. Олардың болжауынша, бұл жаңбыр, себебі +12 градуста қар жерге жетпей еріп кетуі керек.

Ал, жергілікті "Экомұражайдың" директоры Дмитрий Калмыковтың айтуынша, бұл сирек болатын құбылыс.

Дмитрий Калмыков, «ЭкоМұражай» директоры:
- Бұл табиғи құбылыс. Бірде-бір маман тайфун, нөсер немесе құйынды болжай алмайды. Шөл даладан мың шақырым жерге сол шөлден шыққан құмды жел апарып тастайтыны немесе гүлдің тозаңы 10-15 мың шақырымға жететіні тарихтан белгілі. 


31.kz
Просмотров: 538 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 4
0  
4 Jakup   (16.08.2013 07:59) [Материал]
Қазір таң қалатын нәрселер де қалмай бара жатыр емес пе?

0  
3 yesbolat83   (16.08.2013 00:51) [Материал]
Мәәәә, қызық.

0  
2 Jakup   (15.08.2013 07:53) [Материал]
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары бір рет Такразда 12-мамырда қар жауып әбігерге түсіргенін көріп едім.

0  
1 yesbolat83   (15.08.2013 01:34) [Материал]
Жазда қар... елестете алмай отырмын.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика