Сенбі, 04.05.2024, 09:51
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 11 » Алматы-Маңғышлақ
19:46
Алматы-Маңғышлақ
]Жолым түсіп Алматыдан Маңғыстауға қатынайтын Алматы-Маңғышлақ пойызына отырғам. Жайғасқан плацкарт вагонының бұрынғы студент кездерімдегідей тым нашар екендігіне көз жеткіздім. Вагонның әрбір бөлшектері тозығы жетіп ескіріп, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бұрындары осы екі араға жаңа жүрдек пойызы қатынайды екен деп естуші едік. Ең қиыны үш күн үш түн жағдайы нашар пойызда отырудың өзі азаптың азабы. Іші өте ыстық. Берілетін көрпе тыстарының да жуылы-жуыла өңі кеткен. Осы мәселені бұқаралық ақпарат құралдарының көтергеніне де қаншама жыл болды. Сол жартас бұрынғы жартас күйінде қалып отыр. Сонда "Қазақстан темір жолы" АҚ басшыларына өз жолаушыларының жағдайы қызықтырмайтын боп тұрғаны ма?[/i]

$IMAGE2$ Терезесі жабылмағандықтан көрпе жауып қойғанбыз. Былғарыдан жасалынған жапқышы жоқ, ол үшінші полкада жатыр. Ол жерде не істеп жатыр екен?

$IMAGE3$ Бұл екінші полка. Көріп отырғаныңыздай тірегіші мен белдігі жоқ.

Алматыдан Маңғышлаққа дейін жүретін ұзын составты 3 пойыз, кері қайтатын 3 пойыз, барлығы 6 пойыз бар екен. Осы пойыздардың әрбірінде кем дегенде 10 плацкартты вагон бар (купелік вагондар мен жүк және пошта вагондарын қоспағанда). Ал, енді осы алты пойыздың тек қана плацкарттарынан түсетін пайданы есептеп көрейік. Бір плацкартты вагонда 54 орын болады. Алматыдан Маңғышлаққа дейінгі билет құны — 7000 теңге. 54 х 7000 = 378 000 теңге. Оны 10 вагонға көбейтсек — 10 х 378 000 = 3 780 000 теңге. Ал енді оны 6 составқа көбейтер болсақ — 3 780 000 х 6 = 22 680 000 теңге болады. Қайталап айтамын, бұл купе вагондары мен жүк және пошта вагондарынан түсетін пайданы есептемегенде. Бұл пойыздар айына бір емес бірнеше рет қатынайды.
Осындай пайда әкеліп отырған пойызды кем дегенде жылына бір рет жөндеуден өткізіп тұру керек шығар деп ойлаймын.
Просмотров: 904 | Добавил: yesbolat83 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (13.08.2013 10:17) [Материал]
Бір шетінен бір шетіне жетуге апталап уақыт кететін біздің елге арналған жолаушылар көліктері қазір сын көтермейтіні шындық. Бұл мәселе шешімі талқыға түсетін уақыт жетсе де еш нәтиже көрінбей тұрау бірақ.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика