Сенбі, 04.05.2024, 00:29
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 14 » 22 тамызда жаңа жүрдек пойыз жолға шығады
23:33
22 тамызда жаңа жүрдек пойыз жолға шығады


14 Тамыз 2013,

Астана. 14 тамыз. Baq.kz – 22 тамызда Астана вокзалынан «Тұлпар-Тальго» вагондарын тіркеген «Астана-Атырау» бағытында №19/20 «Атырау» жүрдек пойызы жолға шығады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Жаңа пойыз төрт күнде бір қатынайды. Астанадан Атырауға дейінгі жол 22 сағат 57 минут, Атыраудан Астанаға дейінгі уақыт 22 сағат 15 минут. Пойыздың жаңа құрамы 27 вагоннан тұрады, оның 22-сі жолаушылар вагоны, 2-і «Гранд» санатты (екі орындық люкс), 2-і «Бизнес» санатты (екі орындық) және «Турист» санатты (төрт орындық) 18 жолаушы вагоны, сондай-ақ, 3 техникалық, 1 вагон-бар мен 1 мейрамхана вагоны. «Гранд» санатты вагонда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бір купе қарастырылған.

Вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамының техникалық-ресурсын жаңарту және арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында сатып алынған және соған сәйкес, 2014 жылға дейін тағы 420 жолаушылар вагоны сатып алынады.

Естеріңізге саламыз, бүгінгі таңда «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жүрдек пойыздар 5 маршрут бойынша: 2001-2003 жылдардан бастап «Алматы-Астана» бағытындағы №1/2, «Алматы-Шымкент» бағытындағы №25/26 пойыздары, 2012 жылдан бастап «Алматы-2 - Петропавл» бағытындағы №151/152 пойызы, «Ақтөбе-Астана» бағытындағы №88/87 пойызы қатынайды. Биылғы жылдың маусым айынан бастап, «Алматы-2 - Атырау» бағытындағы №77/78 жүрдек пойызы жолаушылар тасымалдайды. 

Просмотров: 601 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (14.08.2013 23:35) [Материал]
Жол жүру ақысы қалай болар екен деген ой мазалайды.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика