Жұма, 03.05.2024, 13:02
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 26 » Жолы болмай жүрген әйелдерді «емдейтін» молда
19:30
Жолы болмай жүрген әйелдерді «емдейтін» молда


Жолы болмай жүрген әйелдерді «емдейтін» молда

«Замананың» өткен нөмірінде жарияланған «Молда кісі бедеу әйелдерді ерекше әдіспен «емдепті» деген тақырыппен жарияланған мақаланы оқып, осыдан бірнеше жыл бұрын бір таныс әйелдің шошына айтып берген оқиғасы есіме түсті. Қолына Құран кітап ұстап, Алланы айтып отырып күнәлі істерге баратын молдалар біздің елімізде де кездеседі. Тек олардың қылмысын ашып, әшкерелейтін адамдар әзірге табылмай отыр.

Осыдан біраз жылдар бұрын бізбен көрші тұратын жасы отыздардан енді ғана асқан Гүлбаһар есімді келіншек қатты қиналды. Күйеуі қайтыс болып, үш баласымен жесір қалған әйел күнкөріс мақсатында біресе базарда сатушы болып, біресе біреулердің балаларын бағып беріп, табылған жұмысты істеп жүрді. Мардымсыз табыс қай жыртығына жамау болады дейсіз, жоқшылықтан көз аша алмай қиналып жүрген күндерінің бірінде суық тиіп, қатты ауырып қалды. Сонда таныстарының бірі Түркістанда тұратын бір молдаға барса, жолын ашып беретінін айтыпты. Әлгі танысы келіншектің басындағы қиындықты жолы жабылғаннан, байланғаннан деп түсінсе керек, суық тиіп, белі шойырылып жатқан әйелге молдаға баруға кеңес береді ғой.

Асыраушысынан айырылғалы бері жоқшылықтан көз аша алмай, ауыр тірліктен қажыған келіншек те сол кезде жолым байланып қалды деп ойлап, дем салдыру мақсатында әлгі молдаға барады. Беліне жылы орамалды мықтап байлап, әзер жүріп барған келіншекті көрген молда: «Сені күйеуіңнің туыстары күйеуге шығып кетеді деп қорқып, беліңді байлап қойған, жеті күн оқып дем саламын», – дейді. Сонымен Гүлбаһар молданың үйіне жеті күн қатарынан барады. Жетінші күні соңғы демін салып отырып молда: «Байлауың түгелдей шешілген жоқ, оны шешу үшін мен сенімен төсек қатынасына баруым керек», – деп қойып қалады. Шошып кеткен Гүлбаһар орнынан ұшып тұрып, алды-артына қарамай зытып қалыпты.
Сол күні мен Құдай айдап Гүлбаһардың үйіне барып қалдым. Барсам, келіншек жылап отыр. Не болғанын сұрасам, ол: «Күйеуі жоқ әйелді кім көрінген басынады екен ғой. Дем салып, жолымды ашады деп сеніп барған молдам мені төсекке шақырып отыр. Сонда оларға күйеуі жоқ әйелдер ойыншық болғаны ма?» – дейді.
Оны сабырға шақырып, жанында біраз отырып қалдым. Ол шай қойды, қиыншылығын айтты, күйеуі бар кездегі қызықты, бақытты күндерін еске алды. Сөйтіп молданың қылығы есіне түсіп кетті ме, қабағын түйіп: «Дем салып отырып әр жеріме қолын бір жүгіртетін, мен оны уқалап отырып емдейтіні бар екен ғой деп үндемеуші едім, сөйтсем ойы арам екен ғой», – деп тағы жылап алды.
Бұрын-соңды мұндай сұмдықты естімегендіктен әлгі молданың тірлігіне қатты ашуланып, Гүлбаһарға: «Оның үстінен полицияға арыз жаз», – деп ақыл айттым. Ол болса: «Ой, апай, қайдағы арызды айтып отырсыз? Бұл әңгіме осы жерде, екеуміздің арамызда қалсын. Болған жағдайды мен ешкімге айтпас па едім, тек қатты налып тұрған кезімде келіп қалдыңыз. Әркімнің түсінігі әртүрлі, мұны естіген жұрт молданы емес, өзімді кінәлап шықса қайтемін? Оның да, менің де барар жеріміз біреу. Күнәсі үшін жазасын Құдай берер. Ал маған бұл сабақ болды. Енді ешкімге, тіпті Құдай жолында жүр деген адамдарға да сенбейтін болдым», – деген еді.
Өмір болған соң әртүрлі нәрселер кездеседі. Кейде дем салдыруға тура келетін жағдайлар болады. Гүлбаһардың оқиғасын естігеннен кейін мен молдаға, емшіге көрінуге баратын болсам, жаныма жолдасымды немесе балаларымның біреуін ертіп барамын. Келіндеріме де, қыздарыма да некелі әйел үйден жолдасымен бірге шығуы керектігін, тіпті емделу керек болса, жанында ері тұруы керектігін айтып отыратын болдым.
Бұл әңгімемен мен барлық молдаларды, емшілерді кінәлап отырған жоқпын. Бірақ сақтансаң Құдай да сақтаймын деген, әр адам өз-өзіне сақ болуы керек-ау.

С. Жәлелова

 «Замана» газеті

Просмотров: 1149 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика