Дүйсенбі, 06.05.2024, 11:13
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 30 » Жолаушылар пойызына шабуыл жасалды
21:21
Жолаушылар пойызына шабуыл жасалды

29.10.2013 14:24 Дуанабай Жолдасбек

Ресей аумағында «Мәскеу-Душанбе» пойызына шабуыл жасалды. Жарақат алғандар бар. Бұл туралы Тәжік телеграф агенттігі хабарлаған.
Ресейдегі Тәжікстан елшілігінің мәліметі бойынша, «Мәскеу-Душанбе» №320  рейсті пойызына шабуыл Оңтүстік-шығыс темір жолы «Терновка» бекетінің техникалық тұрағында жасалған. «Әлпеттері славяндық 20 адамға жуық белгісіз топ, «Мәскеу-Душанбе» №320  рейсті пойызына шабуыл жасады. Нәтижесінде кейбір жолаушылар жеңіл дене жарақаттарын алды, құрамның біріншісінен жетіншісіне дейінгі 20 терезе сындырылған. Көрсетілген акция шабуыл жасаушылардың тарапынан аталған рейс жолаушыларына қатысты дөрекі балағат, қорқыту және ұлтты қорлау пікірлерімен тіркелген», - деп хабарлады Тәжікстан елшілігінің ресми өкілі Мұхаммед Эгамзод.
Оның айтуынша, мұнымен қатар сол жерде болған жергілікті полиция мен темір жол бекетінің жұмысшылары еш деместен қарап тұрған. «Болған жағдай туралы пойыз бригадирі жеделхат арқылы бағыт бойынша келе жатқан келесі «Волгоград» т/ж бекетіне жеткізгісі келген, алайда арғы жақтан оны қабылдаудан бас тартты. Бұл құрамды Мәскеуден Ресей шекарасына дейін («Аксарайск» бекеті) бақылап келген Астрахань облыстық РТЖ қауіпсіздік бойынша ревизиялық қызмет қызметкерлері де тиісті қызметтерді болған оқиға туралы хабардар етпеді», - деп атап өтті елшіліктің ресми өкілі.
Тәжік елшілігі ресейлік тарапқа аталған оқиғаны шынайы түрде зерттеуге және «Тәжік темір жолдары» МУМ-ға келтірілген материалды залалға жәрдемдесуге өтінішімен жүгінді.
Дереккөз: Айқын газеті.
Просмотров: 480 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Қонақ   (31.10.2013 07:14) [Материал]
Ресейді шовинизм жайлаған.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика