Жұма, 03.05.2024, 14:31
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 14 » Өзбекстанның үш азаматы өлім жазасына кесілді
10:47
Өзбекстанның үш азаматы өлім жазасына кесілді


Астана. 12 қараша. Baq.kz - Малайзияда есірткі тасымалдаумен айналысқаны үшін Өзбексатанның үш азаматы сотталды. Елдің ұлттық ақпараттық агенттігі хабарлағандай, сот олардың үшеуін де өлім жазасына кескен. 

Сот үкіміне сәйкес, Дильбар Назарова (54 жас), Жасур Журакулов (39 жас) және Сайера Нұрмұхамедова (58 жас) дарға асу арқылы өлтірілуі тиіс. Олар Малайзияға 10 келі метамфетамин затын алып келді деп айыпталған. Есірткіні Ташкенттен беріп жіберген сыбайласының есімі Шохрух екендігі де анықталып отыр.
Куала-Лумпур әуежайына түскен сәтте тәртіп сақшылары үш өзбектің сөмкесін тексеріп, ішінен есірткінің барын анықтаған. Олардың өздері болса тергеу кезінде Малайзияға есірткі саудасына емес, компьютерге қосалқы бөлшектер алу үшін келгендерін айтты.
Айта кетейік, Малайзияның заңы есірткі саудасымен айналысатындарды барынша қатал жазалайды, әсіресе өзге елдің азаматтарын. Жуырда елге 1,5 келі метамфетамин алып келген Германия азаматы да өлім жазасына кесілген болатын. Сол секілді, мамыр айында Марокко, былтыр Мексиканың үш азаматы ең ауыр жазаға іліккен еді.


Baq.kz

Просмотров: 497 | Добавил: Jakup | Теги: героин. ақымықтар., Есірткі. нашақорлық, Кокаин | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика