Дүйсенбі, 06.05.2024, 14:48
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 30 » Төрт түліктің тамаша қасиеттері
20:52
Төрт түліктің тамаша қасиеттері

Төрт түлік малдың бір-біріне адалдығы, мейірбандығы, достығы, тектілігі адам баласын таң қалдырмай қоймайды. 

  • Алпауыт бұқа, атан өгіз, сүзеген сиыр болсын енесі қанша қораш, әлсіз болса да, оған беттемей жасқанады. Тіпті қанша аш, ызалы болса да, алдындағы жем-шөбін енесіне тастап, тайып тұрады. (Ата-ананы сыйлау – мейлі қандай сәтте де мойындағы парыз ғой)
  • Боталы інген боздап, көзінен жас ағып тұрған қандай да бір ботаны көрсе үстіне түсіп емізе береді. (Оларда мейір-шапағат туыстықпен өлшенбейді. Адам баласының бәрін сүй)
  • Ал қой болса тек бастаушысына ғана ереді. Қой бастаған серке отқа түссе де қоралы қой еш тайынбайды. (Бастаушысын өзі өлтірген кей елдер қазір соғыс өртінің ішінде)

 

 

  • Өгіз ауыр жүкті еңістен өрге қарай оңай алып жүреді. (Шынайы талант солай болуы керек еді)
  • Ешкі түлігін бес күн ерінбей таңертең өргізіп кешке қораға әкеліп қамаңыз. Одан кейінгі күндерде иесінсіз-ақ осы әдетті қайталай береді. (Ал мың күн тәрбиелесең де түзелмейтін пенделер жетеді)

 

 

  • Күйек кезінде саулықтардың көбі қошқарлардың ішіндегі біреуіне «ғашық» болып, басқа қошқарлардың «қызғанышын» қоздырып алады. (Енді бұған амал жоқ....)
  • Егіз төлдер енесінен бұрын бір-бірін іздеп тауып алады. (Ғұмыр-бақи бауырларын іздемейтіндерді қайтейік)
  • Жылқы түлігі көбінде екі-екіден достасып ала қояды. Әрі «достарын» әсте ұмытпайды. Сан жылдан кейін кездессе де, оқыранып, қасыныса кетеді. (Батыр бабаларымыздың жылқыдан өзге досы жоқ болған дегенге мен қатты сенем осындайда)

 

 

 

 

Дайындаған: Алшын Матай

Дереккөз: Ақжолтай.

Просмотров: 1299 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Қонақ   (31.10.2013 07:17) [Материал]
Қайран төрт түлік мал, саусаң сусын,жесең тамақ,кисең киім, қасиетіңнен айналайын!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика