Жұма, 03.05.2024, 23:21
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 9 » Тұрғын үй дағдарысы французды киіз үйге көшуге мәжбүрледі
10:03
Тұрғын үй дағдарысы французды киіз үйге көшуге мәжбүрледі


07 Тамыз 2013,

Астана. 7 тамыз. Baq kz – Француз Янн пәтер мәселесін ұтқыр шешті: ол Альпі тауының етегінен шағын жер учаскесін сатып алып, ол жаққа киіз үй тұрғызды, деп «Экспресс-К» басылымы. 

«Өркениеттен шалғайда өмір сүру идеясы оған кездейсоқ келген жоқ. Соңғы 20 жылда Францияда тұрғын үй дағдарысы өршіп , пәтер бағасы күннен-күнге шарықтап барады. Яннің кредит алғысы келмеді де, ол тығырықтан осылай жол тапты», – деп жазады өз досы туралы блогер Дидар Кушаманов yvision.kz платформасында.

Адель мен Яннің саяхаттап жүргеніне бір жыл болды және жолшыбай Қазақстанға да келгенде Янн кәдімгі киіз үйді көріп, өз Отанында осы тектес үй «салғанын» айтқан.

Саяхатшының айтуынша, Францияда көп адам киіз үй жайында біледі. Ол тіпті ыңғайлы пәтерден көшпелілердің баспанасына көшуге дайын біраз адамды танитынын айтқан. «Мен үшін киіз үй еркіндіктің нышанындай, – дейді Янн. – Одан соң, мұнда бір ғана дөңгелек бөлме бар екені қатты ұнайды. Менің достарым қуана-қуана маған қонаққа келеді».

Яннің киіз үйі Альпінің етегінде орналасқан. Қатал қыстан қорғану үшін ол киіз үйге пеш орнатып, ішкі қаптаманы су өтпейтіндей етіпті.

Дереккөз: Baq kz

Просмотров: 555 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика