Жұма, 03.05.2024, 16:12
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 4 » Светлана Жалмағамбетовамен онлайн-конференция
20:44
Светлана Жалмағамбетовамен онлайн-конференция

Азаттық 6 қараша күні сағат 14:00-15:00 аралығында жуырда "солтүстікке ел көшіру" туралы айтқан парламент депутаты Светлана Жалмағамбетовамен онлайн-конференция өткізеді.

Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова.
Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова.

Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова елдің 2014-2016 жылдарға арналған бюджетін талқылаған отырыста "адам санына қарай қаржы бөлу солтүстік облыстарға қиын тиеді" деп мәлімдеді.

Ақмола облысынан сайланған депутат солтүстік аймақтарда халық саны азайып, шағын ауылдардағы мектеп, дәрігерлік пункт, пошталар жабылып жатқанын ескертті. Светлана Жалмағамбетова тұрғындардың инфрақұрылымы бар Астана қаласы маңына ғана жиналатын, одан әрідегі мектебі, ауруханасы мен поштасы жоқ ауылдарда ешкімнің тұрғысы келмейтінін айтты. 

"Не солтүстік аймақтағы ауылдарды түгел жауып тастайық, не оңтүстіктен тұрғындарды көшіріп әкелейік, не солтүстікке әлдебір коэффициент қосайық" деді Светлана Жалмағамбетова. 

Депутаттың "халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру туралы" пікірі ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу талқыланған тақырыптардың бірі болды. 

Қазақстан парламент депутаты Светлана Жалмағамбетова Азаттық оқырмандары сауалына 6 қараша күні сағат 14:00-15:00 аралығында өтетін онлайн-конференция кезінде жауап береді.

дереккөз: Азаттық.орг.
Просмотров: 565 | Добавил: Jakup | Теги: Светлана Жалмағамбетова, Жақсы., Солтүстік | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика