Сенбі, 04.05.2024, 08:09
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 3 » Павлодарда пациент пациентті өлтірді, полиция оны жасырып отыр
10:56
Павлодарда пациент пациентті өлтірді, полиция оны жасырып отыр

  • 29.07.2013

Өткен аптаның бейсенбiден жұмаға қараған түнi, яғни шiлденiң 25-нен 26-на қараған түнi Павлодар облыстық түберкулезге қарсы диспансерде жан түршiгерлiк оқиға болды.

Сол түнi осы мекемеде ем алып жатқан науқастар басшылық тарапынан бақылаудың болмауынан араққа сылқия тойып алып бөтелкелестер бірін бірі асқан айуандықпен пышақтап өлтiрген. Күзетшiлердiң және ауруханадағы куәгерлердiң сөзiне сенсек, өлген адам қазақ, қырық жастың шамасында. Бөтелкелесі ас үй пышағымен оның қолының тамырларын кесiп, жүрегiне пышақ сұғып, соңынан бауыздап тастаған. Сосын қылмыскер iзiн суытып үлгерген.

Күзет бөлiмiнiң қызметкерлерi ештеме білмеген, олар қылмыскердiң кiм екенiн бiлмейдi екен. Қылмыс болған соң күзетшілердің шақыруымен келген iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерi қайтыс болған адам өз өзiне қол жұмсады деп ақпарат таратқан. Ресми түде аурухана басшылығы пациент пациенттi өлтiрдi деп мойындаған жоқ. Керiсiнше, болған оқиғаны жасырып, жабулы қазанды жабулы күйiнде ұстап, бар пәленi өлген адамның өзiне жапқан.

Бiз осы оқиғадан соң емхананың пациенттерiмен жасырын кездесiп, қылмыс жайында, тубдиспеансердегі қауіпсіздік жайында мәлімет алдық. Естігендеріміз жағамызды ұстатты. Барлығы қайтыс болған адам кiсi қолынан жан тапсырғанын растап отыр. Емделушiлер өздерiнiң осындағы қаупсiздiктері үшіин қатты алаңдайтындықтарын да жеткiздi. Алаңдамай қайтсiн, осы емхананың қаупсiздiгiн қамтамасыз етедi-ау деген күзет бөлiмiндегiлердiң өздерiн үнемі мас күйiнде көретіндерiн айтады.

Күзетшiлердiң осы әрекеттерiн көре-біле тұра басшылыққа жеткiзудiң орнына кейбiр медбикелердің өзі түнгi кезекшiлiкте араққа тойып алып, постта ұйықтап жатады екен. Жығылғанға жұдырық дегендей, жоғары жақтан бақылаудың әлсiздiгiнен түберкулездiң ашық түрiмен ауыратындардың 70% дан астамы (орнынан тұрып жүре алатын) қалаға емiн-еркiн шығып келеді.

Аурухананың бас дәрiгерi Дәулетбек Серiкұлы Мусин бұл жағдайларды көре тұра көз жұма қарауы қатты алаңдатады. Осы жағдайдан кейiн бас дәрiгер өз орнында қалуы оның адамгершiлiгiне үлкен сын. Адамдар көшеде емiн-еркiн қаңғырған науқастардан түберкулез жұқтырып, сол ауруына араша iздеп ауруханаға түскенде кісі қолынан ажал құшып жатса, әрине, ақ халаттыларға деген сенiмнiң орны толуы екiталай.

Дәбiш Егеухан,

Павлдодар.

"Шын-ақпарат"

Просмотров: 536 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика