Сенбі, 04.05.2024, 00:55
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 8 » Нострадамус көріпкел болған ба?
00:54
Нострадамус көріпкел болған ба?

130806-zlobazcomҚай заманда болсын адамзатты  болашақтың қалай болатындығы қызықтырған. Кейбір адамдар тіпті осы шаруаның соңына түсіп, бүкіл өмірлерін сонымен өткізген. Бірақ бұл мәселенің соңына жету мүмкін емес және де ол адамдардың қолындағы шешілетін жағдай емес еді! Бұл туралы қасиетті Құранда былай жазылған: «Көктердегі және жердегі сыр Аллаға тән» (16-Нахыл сүресі, 77-аят) және де «Көместің кілттері Оның (Алланың) жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі» (6-Әнғап сүресі, 59-аят). Ал адамдар арасында болашақты болжай білу тек Алла-тағала елшілері пайғамбарлар құзырында ғана болған, оны Құранның мына жолдарынан көреміз: «Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды. Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла елшісінің алды артына күзетші қояды» (72-Жын сүресі, 26, 27-аяттар).

Дегенмен де адамдар арасында болашақты болжауға ұмтылыс жасап, сол арқылы өз аттарын тарих бетіне жазып кеткісі келгендер болған. Солардың бірі XVI ғасырда өмір сүрген Нострадамус деген дәрігер. Ол 1503 жылы Францияның оңтүстігіндегі Сен-Реми қаласында еврей отбасында туған, шын аты-жөні Мишель де Нотр Дам. 1525 жылы Монпелье университетінің медицина факультетін бітіріп, еңбек жолын бастайды. Бұл кезде Францияның оңтүстігін оба дерті қатты шарпыған еді. Нострадамус өзін дәрігер ретінде өте тамаша көрсете біліп, көптеген адамдарды емдеп жазады. 1529 жылы медицина докторы атағын алады.

Алғашқы әйелінен бір ұл мен бір қызы болғанмен, бірақ обадан оларды Нострадамус аман алып қала алмайды. Біраз жыл шет елде жүріп, 1544 жылы Францияға қайта оралады. Екінші рет үйленеді. Обаға қарсы күресін ол одан әрі жалғастырады. Сонымен қатар көріпкелдік қасиетін көрсете бастайды. Оның атақ-даңқы  патша құлағына да шалынады. Ол патша жанына шақыртылып, сол жерде көптеген тарихи болжаулар айтыпты-мыс және оның айтқандары орындалған екен деген әңгімелердің шет жағасын қазір көбіміз білеміз. Бірақ оның көріпкел емес, жай ғана көз бояушы болғанын білеміз бе?

Нострадамус шынымен көріпкел болған ба? Оның болашақты болжаушы еместігіне көз жеткізу үшін мына жағдайларды білсек те жеткілікті.

Сонымен, біріншіден, ол жоғарыда айтқанымыздай болашақты болжай білетін құдайдың елшісі пайғамбар емес, жай ғана қарапайым адам баласы болған.

Екіншіден, қарапайым да сенгіш қара халықты ол кезде алдау тіптен оңай еді. Қазіргі заманда, бәріміздің көзіміз ашық дегеннің өзінде балгер алаяқтар көп және де олардың алдауына сенеміз. Оған қарапайым бір мысал жақында «Литер» газетінің тілшісі Бибігүл Жусанғалиева оңтүстік астанадағы көк базарда бір күнге балгер болып, елді қалай алдау керектігін дәлелдеп берді. Мұндағы ең қызығы сол – оның балгерлігіне тіпті базардағы сыған әйелдерінің де сенгендігі («Литер» газеті, № 106, 4 тамыз 2004 ж.).

Үшіншіден, Нострадамусты зерттеген ғалымдар Э. Руссел, П. Уитмор мен Э.Берзиндердің айтуы бойынша, ол болжаған 946 оқиғаның тек 70-і ғана орындалған. Бұл дегеніңіз 7 % қана деген сөз! Оның айтқан болжамы орындалса, оның атақ-даңқын асыра сілтеп мадақтаған да, ал орындалмаса ол жағдай ұмытылып кетіп отырған. Яғни, кез келген адам баласы қолына қалам алып, бірнеше мыңдаған болашаққа болжаулар жасаса, оның кейбіреуі әрине өте аз мөлшерде болса да орындалып іске асуы әбден ықтимал. Сол үшін де ол пақырымызды көріпкел білгіш екен деп қабылдауға болмайды ғой. Бұл да өте-мөте ескерілетін жағдай.

Төртіншіден, ол болжаған кезең 3797 жылға дейінгі аралықты қамтиды деп айтылады да, ал XXI ғасырдан басталған болжаулар туралы деректер жоғалып кеткен? Ал, енді неге жоғалғандығын өзіңіз түсіне беріңіз.

Бесіншіден, Нострадамустың болжаулары жұмбақтап (кейбіреулердің айтуы бойынша латын тілінде) жазылғандықтан, олардың мағынасын ашу (расшифровка) кезінде оқиға болып кеткеннен кейін, оларды кез-келген бағытқа бұрып, икемдеуге болғандығы.

Алтыншыдан, замандасы Чарлз Уардтың жазуынша Нострадамус Поузен қаласындағы өртті болжап айтып, қаланы өз қолымен өртеген. Бұл адамгершілік тұрғысынан алып қарағанда өте қынжыларлық жағдай және оны тіпті қылмысқа теңеуге де болады.

Жетіншіден, Нострадамус мамандығы дәрігер болғандықтан, маңайындағы біраз адамдардың қашан өлетінін дәрігерлік тәжірибесіне сүйене отырып-ақ, мөлшермен болжай білген. Бұл мәселе сол замандағы Франция патшасы Генрих II-нің отбасына да қатысты. Ол патшаның отбасы мен туыстарын емдеп, жазып отырған, әрі оларға да тиісінше болжамдарын айтқан.

Сегізіншіден, оның болжауларының астрологияға негізделуі. Ал астрология заңдарына сенсек, белгілі бір мезетте бірнеше миллиондаған адамдардың өмірі бірдей болатынына қалай сене аласыз. Мысал келтірсек, жұлдыз-жорамал бойынша мен Шаян болып есептелемін. Сонда дүние жүзіндегі миллиондаған шаяндардың бір күндік немесе бір апталық тағдыры бірдей болғаны ма? Ақылға сиғысыз деуге болады.

Аталған зерделеп қарап, ой таразысына салсаңыз әңгіме отырған «көріпкеліміздің» кім екенін өзіңіз-ақ анықтап аларсыз.

Атақты деген Нострадамустың өзінің жағдайы осындай болғаннан кейін бәріміз күнделікті  көріп жүрген бақсы-балгер, көріпкелдердің алдап-арбауына қалай сенерсіз. Өкінішке орай, аңқау халықтың сеніміне кірушілер оңай ақша тауып балгерлікті өзінше бір үлкен кәсіпке айналдырған.

Сол үшін де ағайын, бір Аллаға деген сенімді күшті ұстап, өз-өзімізге берік болайық! Болашағымыздың жарқын да баянды болатынына «көріпкелдерсіз-ақ» сенейік.

Серік НАЗАР

Сурет: zlobaz.com

Дереккөз:Қазақ.кз

 

Просмотров: 914 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика