Жұма, 03.05.2024, 18:30
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 10 » Мемлекеттен жүздеген млн. теңге қаржы бөлінген Маңғыстау облысындағы тауарлы-бекіре фермасын құру жобасы тиімсіз деп танылды
14:18
Мемлекеттен жүздеген млн. теңге қаржы бөлінген Маңғыстау облысындағы тауарлы-бекіре фермасын құру жобасы тиімсіз деп танылды



Мемлекеттен жүздеген млн. теңге қаржы бөлінген тауарлы-бекіре фермасын құру жобасы тиімсіз деп танылды.

Ферма Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылының маңында Бегей тұрағында 4 га аумақта салынған. Жобаға «Осетр-Аралды» САС ЖШС бастамашы болды. Жоспарға сәйкес, өндірістік корпустан басқа, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар бой көтерді, ал ферманың өзі жылына 60 тонна бекіре тұқымдас балығын өндіруі тиіс еді.

120 млн. теңгеге шыққан жабдықтарды «Акваток» ҒӨК жеткізді. Қымбат жабдықтарды сатып алу үшін «Осетр-Аралды» САС ЖШС мемлекет көмегіне жүгініп, ЖШС, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Маңғыстау филиалының басшылығы және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы арасында субсидиялау туралы келісімге қол қойылды.

«Бизнестің жол картасы» бойынша субсидиялау сомасы жылына 14%-бен 70 млн. теңгені құрады. Мемлекет тарапынан инженерлік инфрақұрылымды салуға тағы 155 млн. теңге қаражат бөлінді.

Енді ферма пайдалануға берілу алдында тұрғанда оның осы күйінде тиімсіз екені анықталып отыр.

«Жоба жұмыс істемейді, мәселе балық өсіру технологиясында. Мен қожайынмен сөйлескенмін, ол проблема барын растады. Жуырда фермаға Шымкенттен мамандар келіп кетті, олар да дәл осы мәселелерге нұсқап отыр. Ол мәселелерді шешу қажет, өйткені бүгінгі күйінде жоба тиімді жұмыс жасай алмайды», - деді Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Күзембай Ерғалиев.


Просмотров: 727 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика