Жұма, 03.05.2024, 12:19
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 22 » «Әлемде қанша мемлекет болса, олардың барлығы өз тәуелсіздігінен баяғыда айрылған»
00:38
«Әлемде қанша мемлекет болса, олардың барлығы өз тәуелсіздігінен баяғыда айрылған»


Астана. 22 қараша. Baq.kz - Еуроодақтың құрылғанына 20 жыл болды. Оның жұмысы алғашқы 17 жылда нәтижелі болмады, деп Астанада өткен «Еуразиялық экономикалық одақтың әлемдік интеграциялық үрдістер құрылымындағы орны» атты семинарда ЕЭК коллегиясының төрағасы Владимир Христенко мәлімдеді.

Маманның айтуынша, Еуроодақ алғаш рет құрылған кезде оған 3-5 мемлекет қана мүше болған. Кейіннен олардың саны 28-ге жеткен.
«Бүгінде Еуроодақтың құрылғанына 20 жыл толды. Алайда, ол бастапқы 17 жылда көп нәтиже шығара алмады. Тек, соңғы 2-3 жыл ішінде прогресивті дамып келеді», - деді В.Христенко.
«Айта кетерлік жайт, соңғы кездері одақ жақсы және жаман қырынан көпшілік үшін кеңінен танылды. Мәселен, тауарлар контрабандасын алайық. Бұл өзекті мәселе бұған дейінде болған, яғни ол интеграциялық үрдістің нәтижесі емес. Алайда, ол бірте-бірте ұшығып барады. Демек, біз интеграциялық жүйе аясында оның шешімін табуымыз керек», - деп шетелдік маман өз ойын жалғастырды.
«Сондай-ақ, көптеген елдер интеграциялық үрдістен, яғни, бірыңғай экономикалық кеңістікке бірігуден қорқады. Ол аздай бұл қадамды тәуелсіздігінен айырылу деп есептейді. Бұл ешқандай негізі жоқ қате пікір», - деп В.Христенко өз ойын ашық айтты.
«Әлемде қанша мемлекет болса, олардың барлығы өз тәуелсіздігінен баяғыда айрылған. Қалай дейсіздер ғой, біз қандай да бір экономикалық тұрғыда тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін бір-бірімізге тәуелдіміз. Мысалы, Беларусия Қазақстанға ет экспорттайды десек, беларустар ол үшін Ресей арқылы етті тасымалдау үшін ресейліктердің келісімін алуы керек. Ал, бірыңғай экономикалық кеңістік аясында барлығына ортақ бір тәртіп қана болады. Яғни, ешкім-ешкімге тәуелді болмайды», - деп семинардың соңында ЕЭК коллегиясының мүшесі Татьяна Валовая әріптесінің ойын қоштады.

Мөлдір Асқар. Baq.kz
 

Просмотров: 659 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика