Дүйсенбі, 06.05.2024, 14:11
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 30 » Көлік салығынан қашқандар қайда барады
20:28
Көлік салығынан қашқандар қайда барады

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазан туғалы қымбат көлік мінгендер күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғандай. Көлік иелерін түнімен дөңбекшітіп жүрген мәселе  қозғалтқыш қуаты 3 мың текше сантиметрден (3.0) асатын көліктің салығының көбеюі еді. Яғни ол көлік иелері бұрынғыдай ел қатарлы аз-маз тиын-тебенмен салық төлеп құтылмайды. Кемінде көлігінің салығына 60 мың теңгеден бастап 200 мың теңге шамасында төлеуі тиіс болады. Ал қозғалтқышының қуаттылығы 3-тен жоғары 4-5-ті құрайтын көліктеріңіз анау-мынау қарапайым адамның қолы жете бермейтін жылтылдаған «джиптер» екені және анық. Ал ондай темір тұлпарларды тақымға басқандар бай-манаптар екені тағы даусыз. Сөйте тұра, қымбат көлік алуды қалтасы көтергендер салық төлеуге келгенде қалтырайтын секілді. Республикалық БАҚ-тарда бүгіннің өзінде салықтан жалтарып,  түрлі амал-шарғы жасалып жатқаны  ашық айтыла бастады.

Сонымен... Заң жобасында қозғалт­қы­шы 3 мың текше сантиметрді құрайтын көлік салығы артатыны айтылды.  Нақты айтқанда,  көлемі 3-тен 3,2 л-ге дейінгі көлік жарнасы 35 АЕК, 3,2-ден 3,5 л-ге дейін – 46 АЕК, 3,5-тен 4 л-ге дейін – 66 АЕК-ке дейін өседі. Онымен қоса,  халық қалаулылары қозғалтқыш көлемі 4 л-ден жоғары көліктер үшін де 4-тен 5 л-ге дейін –130 АЕК-ке дейін, 5 л-ден жоғары – 200 АЕК-ке дейін салықты көбейтуді де ұсынып отыр. Салықтың жаңа жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алын­ған көліктерге қолданылады. Айтпақшы, өзгертулерге сәйкес, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұл­ғалар үшін қозғалтқышы 4 л-ден жоғары көліктерге қарастырылған  жеңілдіктер алынып тасталған-ды. Мұндағы мақсат – салықтан жалтарғандарға тосқауыл қою. Бұл уәж – экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаевтыкі.

«Көлiк салығына жасалатын жеңiлдiктi алып тастау арқылы салықтан жалтаруды тоқтатуға болады. Әйтпесе, қымбат көлiк­терiн зейнеткерлер мен мүгедектердiң атына аударып қоятындар көп. Нәтиже­сiнде, бюджетке 1,7 миллиард теңге қо­сым­ша құйылады», – деген-ді министр Е. Досаев. Алайда адамнан айла артылған ба? Жоғарыда айтқанымыздай, қазірдің өзінде-ақ көлігінің қозғалтқыш қуатты­лы­ғын кемітіп жатқандар да жоқ емес.

«Заң жобасында қарастырылған қоз­ғалтқышы 3 мыңнан 4 мың текше санти­метр­ге дейінгі көлік құралдарына салық мөлшерлемесін көтеру мәселесін қолдай отырып, өз ұсыныстарымызды да алға тартамыз. Атап айтқанда, қозғалтқыш көлемі 4 мыңнан 5 мың текше сантиметрге дейінгі көлік құралдарына салық мөлшері 130 айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленуі керек, ал қозғалтқыш көлемі 5 мың текше сантиметрден асатын көлік үшін салық 200 айлық есептік көрсеткішке тең болуы қажет. Сонымен қатар еліміздің қарапайым азаматтарының мүдделерін кемсітпеу үшін қарастырылып отырған барлық салықтық ставкаларды 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынған автокөліктерге салуды ұсынамыз. Яғни осы уақытқа дейін иеленген автокөліктерге ескі салық мөлшерлемесі сақталуы керек», – деген болатын  Мәжіліс төрағасы, «Нұр Отан» ХДП фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулин.

Жалпы, бұл салық мәселесі ел ішінде  қызу пікірталас тудырып тұр. Пікір қақ жа­рыл­ды. Біреу жақтаса, екінші тарап даттағаны да рас.  Жаңа жылдан бастап жаңа көліктерге қозғалтқыш қуаттылығына қарай салықтың көтерілуі бұл істе де заңға қайшы әрекеттердің бой көрсетуі мүмкін­дігін жоққа шығармайды.

Сәлижан САДЫҚОВ, заңгер:

– Қозғалтқыш қуаттылығы 3 мың текше сантиметрден асатын көліктері барлар да, одан жоғары 4-5 қуатты­лығы бар көлік иелеріне де жаңа салық бойынша ең азы 60 мың, көбі 200 мың­нан астам төлеуге тура келеді. Әрине, бұл аз ақша емес. Сондықтан да көлік иелерінің бәрі бірдей болмаса да, көпшілігі салықтан жалтарудың ама­лын қарастыратыны сөзсіз. Сондық­тан да бұл салық төлеу күшіне енген күнде де оның заңбұзушылықтан ада болуы жіті қадағалануы тиіс.


Осы арада есіңізге дағдарыс жылда­рында Францияның миллардерлерінің «бізге салықты көтеріңіздер» деп Үкімет­теріне үкілеп хат жазғаны түседі екен. Елдің экономикалық дағдарысқа тап келгенін көрген француздың байшыкештері «салықты бізден  көбірек алыңыздар» деп өтініш тастағаны мәлім. Оны Еуропаның басқа жұрттарындағы бай-бағландар да, АҚШ-тың алпауыттары да  қолдап, қуаттап ала жөнелген-ді. Ал бізде, керісінше. Көлі­гінің салығын жауып жасырған байлардың Шық бермес Шығайбайдан несі артық?!

Қуан МАХАШЕВ, салық инспекторы:

– Қазіргі нарықтық экономика жағдайында халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогресшіл салық­тар жүйесін енгізу қажет  екені белгілі. Бұдан кейінгі мәселе – қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құрал­дардың, атап айтқанда,  валюталық қаржылар мен экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысына бақы­лау орнату болуы керек.

Автор: Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, Қарағанды

Дереккөз: Алаш айнасы.

Просмотров: 629 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Қонақ   (31.10.2013 07:27) [Материал]
"Қайда барсаң қорқыттың көрі"-деген екен...

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика