Дүйсенбі, 06.05.2024, 03:04
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 30 » Елімізде 3 млн. теңге жалақы алатындар бар
20:14
Елімізде 3 млн. теңге жалақы алатындар бар


Астана. 29 қазан. Baq.kz - HeadHunter компаниясының зерттеу орталығы hh.kz сайтындағы Қазақстанның барлық облысы бойынша жалақысы көрсетілген 4 983 бос орынға талдау жасап, қыркүйек айындағы жұмыс берушілердің ең жоғары және ең төмен ұсыныстарын жария етті, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.  

Айлығы көрсетілмеген бос орын есепке алынған жоқ. Ең «қымбат» бос орын Алматы қаласынан болды. Ірі индустриалды компанияға «Атқарушы директор» қажет екен. Жалақысы 10-нан 20 мың долларға дейін (персонал мен кадр консалтингін іріктеу бойынша компания атынан жарияланған). Табысты үміткерге қойылған негізгі талаптардың бірі - 2013 жылы компанияны ІРО-ға шығару.

Қыркүйек айының жоғары айлық ұсынылған бос орындарының ішінде мына облыстар алға шықты: Маңғыстау («Production Manager», айлығы - 7 000-нан 12 000 долларға дейін), Оңтүстік Қазақстан («Маркетинг бөлімінің бастығы», айлығы – 500 000 теңге), Атырау («Қаржы директоры», айлығы– 3 000 доллардан бастап) және Шығыс Қазақстан («Жер асты кенішінің бас инженері», айлығы - 419 675-тен 524 596 теңгеге дейін).

Жұмыс іздеушілерге өткен айда ең аз айлық жалақы Ақтөбе («Кеңсе менеджері», айлығы – 25 мыңнан 78 мың теңгеге дейін), Алматы («Спорт репортері», айлығы – 50 доллардан 500 долларға дейін) және Қостанай облыстарында (« ПК операторы», айлығы – 38 500 теңгеден бастап) ұсынылды.

hh.kz сайтының берген мәліметтері бойынша қыркүйек айында жұмыс берушілердің ұсынған орташа жалақысы 119 500 теңгені құрады. 

Baq.kz


0


BNEWS
Просмотров: 534 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
0  
2 Қонақ   (31.10.2013 07:36) [Материал]
Таза табыс болса қуанар едік-ау, тұтынушы терін сыпыру арқылы жалақыларын күйттейтін монаполистер мен банкирлер сияқты болмаса.

+1  
1 yesbolat83   (30.10.2013 20:26) [Материал]
Ол үшін - мықты маман иесі болу қажет. Сонда бұл сомалардан да көп табуға болады. Оқып-тоқу керек, тер төгу қажет.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика