Жұма, 03.05.2024, 17:05
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 22 » Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Тараз қаласынд
00:45
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Тараз қаласынд


 АСТАНА. 22 қараша. BAQ.KZ -Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Тараз қаласындағы бірқатар тарихи-мәдени нысандарда болды. Бұл туралы Президент баспасөз қызметі хабарлады.

 Нұрсұлтан Назарбаев республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш болып саналатын «I-XIX ғасырлардағы Тараз» қалашығы археологиялық қазба жұмыстарының жай-күйімен танысты.Қалашықты зерттеу жұмыстары биыл шағын қамал мен шахристан орнын қазуға жұмылдырылды. Зерттеу жұмысы жалпы алаңы 2550 шаршы метрді қамтыды.
Көне қалашық аумағына археологиялық жұмыстар жүргізу барысында көптеген жәдігер табылды. Қазіргі кезде керамиканың тек өңделген фрагменттерінің саны 33 мың данадан астам, олардың 107-сі тұтас сақталған. Сондай-ақ, 33 монета, әйнектен жасалған 26 бұйым, сүйектен тұратын 5 жәдігерлік табылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 350 жылдығына арналып салынған Төле би Әлібекұлы ескерткішіне гүл шоғын қойды. Ескерткіш алдындағы алаңда Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарымен де әңгімелесті.

BAQ.KZ


Просмотров: 552 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика