Сенбі, 04.05.2024, 05:38
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 19 » Біз қай мемлекетте тұрып жатырмыз?
20:05
Біз қай мемлекетте тұрып жатырмыз?

Бек ДЕНЕРОВ.

Қазақстан Темір Жолы Басқарма Төрағасына

Қазақстан Бас прокуратура назарына

 

Кеше билет алу үшін вокзалға бардым. Жап-жақсы тура шетелдегідей бірер автоматтар орнатылыпты. Керемет екен! Әр адам кассаның ұзын кезегінде шаршамай-ақ лезде өзі-ақ билет ала алатын мүмкіншіліктері жасалыныпты. Бұған шын жүректен қуандым…

Автоматқа барып, ретімен бірінші қала атын тердім. Жолға шығатын (пункт отправления) қалам Алматы еді.  Бірақ осы атауды қанша терсем де, автомат қырсыққандай маған: ондай елді мекен жоқ деп жауап бере берді. Операцияны осылайша жөнді бастай алмайтын болған соң, амал нешік, билетімді де, әрине, ала алмадым. Қасымдағы көрші адамдардан сұрай бастадым.

Мәселе өте қарапайым екен: "Алматы” орнына "Алма-Ата” деп жазуым керек екен, сонда бәрі әп сәтте жұмыс істей бастайды екен!

Мәссаған, бұл қалай болғаны сонда, еліміздің жәй қатардағы қаласы емес бұл, отанымыздың белді ірі қаласы, бұрынғы астанасы ғой – Алматы! Москваға барып, қара орыс астанасының атын "Маскүйеу” деп өзгертіп көріңізші! Немесе Түркияға барып Стамбулдың (дұрысы Ыстанбұл) орнына Константинополь деп жазып көріңізші! Дәл сол сияқты жағыдай ғой бұл!

Қаншама елімізге қонақ боп келген өзге елдердің азаматтары бар, олардың бәр-бәрі кез келген (Алматыдан не Алматыға) билет алу үшін еліміздің бас қаласының атын орысшалап, мәңгүртше, бұрынғы отар заманынша бұрмалап, қазақтың намысына тиетін түрде атау әрі жазу мәжбүр болғаны ғой!

Бұны мазақ, мазақтау демей, не деуге болады, ағайын?

Өз мемлекетінің атын қате жазып жүрген дүние жүзіндегі сирек елдердің біріміз ғой. Ол да орысшалаудан шыққан, Қазақстан (Kazakstan) орнына – Казахстан (Kazakhstan) – боп жүрміз ғой. Біз кездері сауатты адамдар шығып, ресми түрде ел атын дұрыс жаза бастаған кез болғаны әлі есімде. Тіпті Астанада президент әкімшілігінде де, қала әкімшілігінде де ғимараттарындағы маңдайшаларда, "Қазақстан  –  Kazakstan” деген жазулар болғаны, қателеспесем, бір кездері паспорттарда да еліміздің атауы дұрыс жазылған еді... Шіркін, бұл заман да ұзаққа бармады. Надан, топас, сауатсыз, құлдық мәңгүрттік дағды қайта жеңді...

Аты-жөнімізді, әкеміздің атын адам сияқты біркелкі айта алмай жүргенімізге қанша уақыт болды! "Ов” пен "ин”-дерден арыла алмадық, біреуміз "ұлы”, біреуіміз "тегі”, "төре”, "қажы”, біреуіміз иранша атамызға "и”-ді қосып, басқалар, тіпті, ешнәрсе қоспай-ақ жалаң түбірді сөйлетіп, соған мәз боп жүрген аянышты, бишара, күлкілі күйіміз бар...

Павлодар, Петропавловск сықылды қала аттарын айтпай-ақ қоялық...

Орыстар көне төл Еділ атын "Волга” деп өзгертеді, Жайықты "Урал” дейді, Орныборды "Оренбург” деп атайды... Біз Керекумізден шошып (бұл көне атаудың Коряковқа ұш ұйықтаса сорпасы қосылмайды! Махмұт Қашғари, көнетүрік ескерткіштерде сақталған ежелгі "жұрт” деген мағынадағы топоним екені ғалымдарға белгілі!), Қызылжарымыздан қорқып жүрміз...

Астана айналасында әлі де "Кондратовка” (төлі "Қоңырат”), "Асакаровка” ("Аса қарлы”), "Сарань” ("Сораң”), "Кулагино” ("Құла айғыр”), т.б. өріп жүр...

Ал, "Алма-Ата” атауына келсек  –  бұл бұлтартпас тайға таңба басқандай сайрап тұрған тарихи құжат десек те болар. Бір де бір қазақтың (асфальтұлы біреу-міреу болмаса, қазақтың тілі бұлай бұрылу да мүмкін емес қой, шыны керек болса; алайда, асфальтұлы батырларымыз [ол байқұстардың аттарын жақсы білеміз! Арнайы атамасақ та олардың есімдері баршамызға жақсы аян] кейінірек, бертінде шықты ғой) бұған қатысы болмағанының дәлелі бұл! Ел ашаршылықтан қырылып, зиялы қауымымыз жаппай атылып, есеңгіреп, халық қансырап жатқан кездің суреті, фотографиясы, документі бұл!

Қазақта "алматы” деген сөз бар, "алма ата” деген сөз жоқ, ешқашан болып көрмеген және де тіл заңдылықтарына сәйкес болу да әсте мүмкін емес! Қаншама армандаса да асфальтұлы бауырларымыз – бұл аксиома.

Олай болса, неге біз қате ескі атауды ресми билет алу терминалдарда пайдалануымыз керек?

Білемін, орыстар көнбей осы біздің ескіше атауымызды қоймай айналымнан шығармай келе жатыр деу мүмкін кейбіреулер.  Жарайды, олар не десе, о десін. Ал, біз, қазақтар, өз елімізде, Қазақстанда, неге ана тілімізді, мемлекеттік тілімізді шұбарландыруымыз керек, бұзуымыз керек?

Неге?
Темір жол басқармасының бұған ақылы жетпесе, прокуратура қайда қарап отыр? Заңдарымыз кім үшін жазылған? Не үшін қабылданған? Бұл мәселені кім қадағалауға тиісті?

Біз өзі қай елде тұрып жатырмыз, ағайын?

 

«Шын-ақпарат»

Просмотров: 527 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика