Жұма, 03.05.2024, 18:53
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 14 » Бейбіт ЫСТЫБАЕВ, балуан: «Тәртіпке бас иеген құл болмайды...»
11:03
Бейбіт ЫСТЫБАЕВ, балуан: «Тәртіпке бас иеген құл болмайды...»


  

 Астана. 13 қараша. Baq.kz – 7-ші желтоқсанда «Тараз-Арена» спорт сарайында қазақ күресінен «Еуразия барысы» турнирі жалауын көтереді. Байрақты бәсекені «Қазақстан Ұлттық» телеарнасы, ресейлік «Баец» және түрияның «ТРТ спорт» телеарналары 120 мемлекетке тікелей эфирде көрсетеді. Дүбірлі додаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасынан басқа Қытайдың, Ресейдің, Моңғолияның, Түркияның, Польшаның, Тәжікстанның және Иранның құрама командалары қатысады. Ауыр салмақта ел намысын «Қазақстан Барысы-2012» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев қорғайды.

– Қазақ күресінен тұңғыш рет өткелі отырған Халықаралық «Eurasia Barysy» турнирінің басталуына аз уақыт қалды. Айтулы додаға дайындығыңыз қалай?
– Бүгінгі таңда жеке бапкерім Елдос Далабайдың жол сілтеп, нұсқау көрсетуімен дайындығым ойдағыдай жүріп жатыр. Жиырмасыншы желтоқсанда спортшылар Таразға жиналып, бәсекеге әзірлікті пысықтаймыз. Бұл халықаралық дода командалық сипатта өтетінін білетін шығарсыз? Бозкілемде балуандар 60, 70, 80, 90, +90 келі салмақ дәрежесінде бақтарын сынамақ. Тағы бір айта кетерлік жайт, қосалқы құрамада дәл осы салмақтардағы басқа спортшылар болады.


– Бұл жарысқа 8 мемлекеттің спортшылары қатысатыны белгілі болды. Қазақ құрамасының басты қарсыластары кімдер болуы мүмкін? Жалпы, өзіңіздің бәсекелестеріңіз туралы не айтасыз?
– «Еуразия барысына» Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Түркия, Польша, Тәжікстан және Иран елдерінің спортшылары қатысады. Бұл турнирде есімдері белгілі балуандар мен қатар жастарда бақтарын сынайды. Қазақ күресінен моңғол мен өзбектердің мықты екенін мойындау керек. Өз салмағымда осы екі мемлекеттің балуандарының айла-тәсілімен етене таныспын десем болады. Ал басқа елдің спортшыларын жіті білмейді екенмін...
– Сіз Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының шешімімен 1 жылға ресми жарыстардан шеттетілдіңіз. Енді «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінде айрықша өнер үлігісін көрсетуге барыңызды салатын шығарсыз?
– Құдай қаласа, елімнің үкілі үмітін ақтауға, жанашырлық танытынып, қолдап-қолпаштап жүрген ағаларымның сенім үдесінен шығуға тырысамын. Биылғы «Қазақстан Барысында» жарақатыма байланысты дайындығым ойдағыдай болған жоқ. Былайша айтқанда, турнирге нағыз бабымда бара алмадым. Қазақта: "Ауызы күйген үріп ішеді" - деген мақал бар емес пе? Бәсі биік бәсекеде бағым жанатын шығар. Иә, биыл Қазақстан чемпионаты, Әлем және Азия біріншіліктерінен тыс қалдым. Алайда, оған сағым сынып, салым суға кеткен жоқ. Бұйыртса, әлі талай байрақты жарыстарда өз мықтылығымды дәлелдеймін.


– Астана өткен «Қазақ күресінің бүгіні, өткені және болашағы» атты ғылыми-тәжірбиелік конференциясы барысында балуандардың жаңа киім үлгісі таныстырылды. Жаңа форма көңіліңізден шықты ма?
– Көңілімнен шыққан жоқ. Бұрынғы ескі киіміміз өте ыңғайлы болатын. Ал мына жаңа форманың жеңі ұзын балуандардың еркін белдесуіне кедергісін келтіретін сияқты. Жапондықтардың «Дзюдо», «Самбо» және өзбектің «Кураш» күрестерінің киімдеріне қатты ұқсайды екен. Енді жоғары жақта отырған ағаларымыздың шешімі солай болса, көнеміз ғой.
– Болашақта қыздардың да қазақ күресімен айналысатыны туралы айтылды. Нәзік жандылардың бозкілемге белдесуіне қалай қарайсыз?
– Олимпиада ойындарына енгізілген дзюдо, еркін күрес түрлерімен ер жігіттермен қатар қыздарда күресіп жүр. Бірақ, жеке өз пікірімді білдіретін болсам, арулардың белдескенін құптамаймын. Өйткені, кәсіби спорт денсаулыққа көп зиянын тигізеді. Ал қыздар болашақ ана екенін де ескергеніміз жөн.
– Сізді төл күресіміздің төңірегіндегі қандай мәселелер мазалайды?
– Төрешілердің әділ төрелік жасауы назарға алынса нұр үстіне нұр. Батыр Бауыржан Момышұлы атамыз: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп өшпес өсиет қалдырған. Балуандарды тәртіпке бағындыратын ереже қабылданса, спортшылар этикасы сақталатын еді.


– Ержан Шынкеев екеуіңіздің араңыздағы араздық тарқады ма?
– Шынымды айтсам, жазда орын алған жайсыз жайттан кейін Ержанды көрген жоқпын. Бұрындары әртүрлі жарыстарда кездесіп тұратынбыз. Менің жүрегіме оған тырнақтың ұшындай өкпе-реніш жоқ.
– Бейбіт, орда бұзар отызға келіп қалыпсыз. Неге әлі отбасын құрмай жүрсіз?
– Әрине, отбасын құру жоспарда бар. Шаңырақ көтеру – 10 жылдан бері ойлап келе жатқан мақсатым десе де болады (күліп). Алла тағала бұйыртқан күні бір басым екеу болар...

 

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан – Индира БАЙҚОНЫСОВА


Baq.kz

Просмотров: 966 | Добавил: Jakup | Теги: балуандар, жеңіс, Күрес, батырлық. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика