Жұма, 03.05.2024, 14:06
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 14 » Қазақстандағы судьялар жалақысы қандай?
11:09
Қазақстандағы судьялар жалақысы қандай?


  АСТАНА. 13 қараша. BAQ.KZ –Қазақстандағы кез-келген ұлттық компанияларда, тіпті атқарушы органдардағы жалақы судья жалақысынан жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Судьялар кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин мәлім етті.

 «Менің білуімше, соңғы 10 жыл бойына ең жоғары жалақыны судьялар алады деп айтылып келеді. Алайда, бұл жөнінде біздің төраға Қайрат Мәми «осыдан 10 жыл бұрын бұл көрсеткіш шынымен де жоғары саналған шығар» деп дұрыс айтады. Қазіргі уақытта кез келген ұлттық компаниялардағы, тіпті атқарушы органдардағы жалақының судья жалақысына қарағанда әлдеқайда жоғары екендігін сенімді түрде айта аламын», - деді А. Смолин.
Сонымен қатар, кеңес төрағасы елімізде судьялар санын арттыру қажеттілігіне де назар аударды. «Өйткені, қаралып жатқан істер саны жылына 10 пайызға дейін артып келеді. Сондықтан да еліміздегі судьяларға көп ауыртпашылық түсіп отыр», - деді ол.

BAQ.KZ
Просмотров: 461 | Добавил: Jakup | Теги: Соттар, жалақы. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика