Ресей Қазақстандағы әскери бөлімдерінде әскери полиция бөлімшелері құрылуда. Бұл туралы бүгін Ресей қорғаныс күштері Орталық әскери округінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.
Орталық әскери округ таратқан ақпаратқа сәйкес, Орталық округ бойынша құрылған аймақтық әскери полиция басқармаларының құрамына Ресейдің әскери субъектілері мен Қазақстандағы Приозерск гарнизоны және Тәжікстанның Душанбе гарнизоны кірген.
Әскери полиция бөлімшелері арнайы жабдықтарын, оның ішінде сауыт-кеудеше, травматикалық тапанша, резеңке таяқтар мен кісендер алып қойған.
"Әскери полиция әскери қызметкерлердің, азаматтық тұлғалардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын қорғау, әскери бөлімдерде заң мен тәртіпті, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ресей қарулы күштерінің нысандарын қорғау үшін құрылған" дейді Орталық әскери округі.
Ұлт порталы