Бейсенбі, 02.05.2024, 19:41
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Ақпан » 6 » Қазақстан Қазақ елі деп аталуы мүмкін
22:30
Қазақстан Қазақ елі деп аталуы мүмкін


Қазақстан Қазақ елі деп аталуы мүмкін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикамыздың ресми атауы Қазақ елі болып өзгеруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Атырау облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді,  деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Біздің еліміздің атауында Орталық Азиядағы басқа мемлекеттердегі сияқты «стан» деген қосымшасы бар. Шетелдіктер халқы небәрі екі миллион адамды құрайтын Моңғолияның атауында «стан» қосымшасы жоқ екенін алға тартады. Уақыт өте келе ел атауын «Қазақ елі» деп өзгерту мәселесін қарастыру қажет шығар, бірақ мұны алдымен халықпен ақылдасқан жөн», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекет басшысы бірлік пен төзімділікті сақтай отырып, еліміз барлық алға қойған мақсаттарына жететіндігін атап көрсетті. «Біздің артықшылығымыз - көпұлысты халқымыздың әртүрлілігінде», -  деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

ҚазАқпарат

Просмотров: 695 | Добавил: Jakup | Теги: назарбаев, қазақ елі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 5
0  
4 yesbolat83   (09.02.2014 19:24) [Материал]
Қос қолдап келісем! Мен де қуанып отырмын.

0  
5 Jakup   (10.02.2014 15:10) [Материал]
Еске, ұмытпай келіп тұрсаңшы.

+1  
3 Jakup   (07.02.2014 15:18) [Материал]
Жақсы болар еді. "Стан" - сөзі шын мәнінде орысшадан аударғанда тұрақ деген сөзге келеді, сонда Қазақстан сөзі жіктегенде қазақтарға бөлінген тұрақ сияқты естіледі.  Ал енді Қазақ елі - деген, сол елдің,жердің дербес, жеке дара иесі, қожасы ҚАЗАҚ - деген халық екендігін айқындап тұрандай әсер етеді. Былайша айтқанда Қазақстан деген пәтер (бұрынғы КСРО деп аталған көп қабатты үйдегі) ал Қазақ елі деген жеке үй (дом) сияқты  ғой. Ертерек болса екен.

0  
1 Жамбо   (07.02.2014 12:20) [Материал]
Керемет ұсыныс, нағыз елбасына лайық іс жасар еді. Қазақ елі-мәңгі жасасын!

0  
2 Jakup   (07.02.2014 15:18) [Материал]
Мен де солай ойлаймын, елбасының аузынан осы сөздің шыққанына қуанып отырмын.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика