Дүйсенбі, 06.05.2024, 03:59
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 30 » Аз ұйқының азабы бар
20:21
Аз ұйқының азабы бар


 Астана. 29 қазан. Baq.kz – Ғалымдар ұйқыға қажетті уақыт бөлмейтіндердің жұмысы сәтсіз болатынын дәлелдеген.

 Бостонда ғалымдарының зерттеуінше ұйқыңыздың қанғанын сезіну оның қажетті мөлшерінің көрсеткіші емес екен. Ұзағырақ ұйықтаған сайын, сіз белсенді, еңбекқор, түрлі жағдайларда тез шешім таба алатын адам боласыз. «Біздің ғалымдар тобы ұйқының аздығы әуе көлігін басқару, электростанциядағы механизмдерді бақылау және басқа да қиын жұмыстарды орындауға қалай әсер ететінін зерттеді. Бұндай жұмыс түрлері жадының қайта, тез кодталуын, визуалды ақпаратты іздеу, шешімдер қабылдауды талап етеді. Ал аз ұйықтаған сайын, бұл қасиеттер азаяды», - дейдізерттеу авторы Жанна Даффи.
Бір ай бойы ғалымдар 12 адамды бақылауға алды. Бірінші аптада оларға 10-12 сағат ұйықтауға рұқсат етілді. Ал келесі 3 апта бойы олар күнделікті тек 5,5 сағат ұйықтап жүрді. Адамдар аз ұйықтаған күндері өз жұмысын баяу орындаған. Уақыт өте келе, жұмысшылар бұл ұйқы тәртібіне үйреніп, аз ұйықтағандарына еш шағымданбаған. Зерттеу адамның ұйқысы қанғандығын, нәтижесінде өзінің еңбекке жарамдылығын да бағалай алмайтындығын көрсетті. Адам аз ұйықтаған сайын оның еңбекке жарамдылығы азаяды. Ұйқының аздығы ойлау жылдамдығын кемітеді, деп жазады massaget.kz сайты.


Дереккөз: Baq.kz

 

14
Просмотров: 505 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Қонақ   (31.10.2013 07:32) [Материал]
Бұл бесенеден белгілі жағдай емес пе, осыны да жаңалық қылып, енеңді...

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика