Жұма, 03.05.2024, 22:06
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 5 » Атырауда әкімдер сайлауына дайындық басталып кетті
18:36
Атырауда әкімдер сайлауына дайындық басталып кетті


Бүгін, 14:25

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет өткелі отырған ауыл әкімдерінің сайлауына да санаулы күндер қалды. Осыған орай, Атыраудағы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында болып өткен семинар-кеңес барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, төрағалары мен хатшыларына, барлық деңгейдегі мәслихаттар хатшылары, мәслихаттардың аппараттары және аудан, қала әкімі аппараттарының басшыларына сайлаудың өту барысы, ондағы жалпы ережелер жайында жан-жақты түсіндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Тамыздың 6-сы күні Атырау облысы бойынша барлығы 72 округ әкімі сайланады деп күтілуде. Бастысы, саяси науқан жоғары деңгейде және ашық өтуі тиіс. Осы жайында айтқан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Тамара Аман-Турлина жиналғандарға сайлау тәртібін түсіндіріп, саяси науқанды ұйымшылдықпен, заң талаптарына сай өткізуге шақырды.

«Атырау облысы бойынша барлық аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беретін күні өз жұмыстарын дауыс беруге дейін бір сағат бұрын бастап, дауыс беру басталардан 30 минут бұрын жәшіктердегі бюллетеньдерді тексереді. Бұл процесс комиссия мүшелерінің, кандидаттың сенімді өкілдері мен байқаушылардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтуі керек. Бұдан соң комиссияның сайлау бюллетеньдерін беруге жауапты мүшелерін белгілейтін болады», - деді ол. Сайлаудың ерекшелігі де осында. Дауыс беру ашық та, жария түрде өтпек. Сайлау процесін алдын-ала тіркелген БАҚ өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың қатысып, бақылауына да құқығы бар.

Сондай-ақ, жиын барысында мәдениет үйлерінің дауыс беру пункттері деп белгіленгендігі айтылды. Науқан қорытындысы сайлау өткізілгеннен соң бес күн мерзімнен кешікпей жарияланатын болады.

Ұлт порталы.

Просмотров: 542 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика