АСТАНА.
6 наурыз. BAQ.KZ – Елордада түлкілер жортуылға шығуы мүмкін. Астанада
толықтай жойылды деген қаңғыбас иттердің орнына түлкі келеді. Бұл жайлы
«Экспресс-К» газеті жазып отыр.
Эколог Алексей
Гладковтың айтуынша, қаңғыбас иттерді құртудың кері әсері де болуы
мүмкін: жемтікпен қоректенгендер үшін қоқыстар орыны босаған, бірақ
мұндай жерлер бос қалмайды.
«Мұндай проблемамен көптеген ірі
қалалар бетпе бет келген. Жергілікті өзгешеліктерге қарап, оның қалай
боларын білуге болады. Астанаға түлкілер тым жақын келген. Хайуандардың
тіпті, қала жағдайына бейімделуі де жылдам», - деді А.Гладков.
Оның ойынша, түлкілер жайлауының қаупі -оның құтыру ауруының тұрақты таратушысы боуында.
«Сондықтан,
Астана мен оның аймағында қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін кешенді
түрде және тезарада шешу қажет. Бізді қыстың қатты аяз болмағаны
құтқарып тұр. Өйткені, үскірік күндері хайуандардың қалаға келгіштеуі
жиілейді. Теориялық тұрғыдан түлкі артынан қасқырлар де келуі мүмкін», -
деді А.Гладков.
Айта кетейік, құтыру
вирусы адамға ауру дәл осы түлкі секілді жануарлардан беріледі. Жануар
тістесе, тіпті жаныңыздан өтіп сілекейі теріге тисе де вирус жұғады. Ал
елімізде түлкі тістеп көз жұмған адамдар саны аз емес.
BAQ.KZ