Сенбі, 04.05.2024, 04:13
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 3 » Қарызға ақша алғанда оны нотариалды куәландыру қажет пе?
14:07
Қарызға ақша алғанда оны нотариалды куәландыру қажет пе?


01 Тамыз 2013,


Астана. 1 тамыз. Baq.kz-Адамның күні адаммен деген, қаржыдан қысылған сәттерде бір-бірімізден қарыз аламыз. Борбай етің борша, арқа етің арша болып ай бойы жұмыс істегенде тапқан ақшаң өмір сүруіңе жетпей жатса қайтпексің? Қарыз алмасқа лажың жоқ. Бірақ қарыздың «күліп барып, жылап қайтатынын» да ескеру керек. Сонда қарызға ақша алғанда-бергенде оны нотариалды куәландыру қажет пе?

 

Бұл сұраққа жекеменшік адвокаттық кеңсенің заңгері Болатбек Қауысов жауап береді:
– Жеке тұлғалардың өзара қарызға ақша алу-беру келісімдері міндетті түрде нотариалды куәландыруды қажет етпейді. Сондай-ақ қарыз бергеніңізді жазбаша рәсімдемесеңіз де болады. Бірақ, бұл жағдайда борышкер алдап кетсе, қарыз бергеніңізді дәлелдеу қиын болады, соның салдарынан алашағыңызды қайтарып ала алмауыңыз әбден мүмкін. Сондықтан, қарызға ақша берген кезде міндетті түрде қолхат жаздырып немесе оны нотариалды түрде бекіттіріп алсаңыз, өкінбейсіз.

Baq.kz

Просмотров: 711 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика