Дүйсенбі, 06.05.2024, 06:16
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 30 » Қараша айынан бастап полицияда өзгерістер болад
20:18
Қараша айынан бастап полицияда өзгерістер болад


 АСТАНА. 29 қазан. BAQ.KZ – Бұл туралы «Қазмедиа» орталығында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ішкі істер министрлігі, Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

  «Алдағы қарашаның 1-нен бастап елімізде «әмбебап полицейлер» өз жұмысына кіріседі. Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде әкiмшiлiк және жол полициясы саласын реформалау жұмыстары жүргiзудеміз. Барлық деңгейдегі құрылымдық бөлiмшелерде «әмбебап полицейге» көшу жұмыстары қолға алынды. Осыған орай, жол полициясы жұмыстарымен алдағы уақытта әкiмшiлiк полиция комитетi айналысатын болады», - деді И. Лепеха.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 11 қазанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жолдағы қауіпсіздік, Ішкі істер министрлігінің тиісті қызметтерінің жұмыс жүйесін жетілдіру мәселелеріне тоқталып, бірқатар бағыттар бойынша сын-ескертулер айтқан болатын. Аталған жұмыстар Елбасы Н.Назарбаевтың айтқан сынынан қорытынды шығару үшін жасалып отыр.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС


Дереккөз:
BAQ.KZ

Просмотров: 494 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Қонақ   (31.10.2013 07:33) [Материал]
Поицияның қара халықты зарлатқаны аз еді...

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика