Жұма, 03.05.2024, 12:05
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қараша » 8 » Қарағандыда сәбиін өлтірген әйел мектеп директоры болған
21:05
Қарағандыда сәбиін өлтірген әйел мектеп директоры болған


  Астана. 8 қараша. Baq.kz - Еліміздің мектептерінде түрмеде жазасын өтеп келгендер бала оқытқан. Бұрын кісі өлтіріп, есірткі бизнесімен және жеңгетайлықпен айналысқан адамдар ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, деп хабарлайды КТК арнасының тілшісі.

 Осындай сорақылықты анықтаған Бас прокуратура жағасын ұстап отыр. Қарағандыдағы N81 мектепте ұстаз емес, директордың өзі ертеректе жаңа туған сәбиін өлтіріп, 5 жылға сотталып келген.
Ұзақ жылдар бойы жасырып келген былығы анықталған соң білім ордасының басшысы Дәметкен Қожамсейітованың қан қысымы көтеріліп, аяқ асты ауырып қалыпты.
Ал кеншілер қаласының тағы бір мектебінде директор орынбасары абақтыда отырып шыққан. Көпке үлгі болып жүрген азаматтың бұрын қыз зорлағанын білгенде әріптестері абдырап қалды.
Сұмдық жәйт Елордада тіркелді. Мәселен, N 60 мектепте жеңгетайлықпен айналысып 2 жылға сотталған келіншек жұмыс істеген. Ал Астанадағы №3 гимназияда қыз зорлаған жігіт денешынықтырудан сабақ беріпті.
Жалпы сотталушылар еліміздің 67 білім ошағында емін-еркін тайраңдап жүрген.
"Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, кісі өлтірген, әйел зорлаған, есірткі сатумен, шегумен айналысқан, бұрын сотталған, сотталғаны жойылған 60 адамды мектепке орналастырған. Оның үштен бірі тікелей бала оқытуымен және бала тәрбиесімен айналысып жүргендігі анықталды", - дейді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика комитетінің баспасөз хатшысы Сәулебек Жамкенұлы.
Ал мектептерде сотталғандардың бала оқытып жатқанын еліміздің бас ұстазы тілшілерден естіп таңқалды.
Бір қызығы, түрмеде отырып келген мұғалімдердің көбісі қалай екені белгісіз, сотталмағаны туралы анықтама алған. Бұған прокурорлардың өзі таңқалды.
Енді құзырлы орган бұл былықты анықтауға кіріспек. Сондай-ақ бұрын сотталған адамдарды білім ошағына жұмысқа алған жауаптыларды жазалауға білек түріп отыр.

Просмотров: 537 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика