Дүйсенбі, 06.05.2024, 01:53
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 13 » Қандастарымызға азаматтықты бес жылдан кейін беруге келісесіз бе?
12:13
Қандастарымызға азаматтықты бес жылдан кейін беруге келісесіз бе?


aikyn.kz

Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Сырттан атамекеніне оралған қазақтардан Қазақстан еш жамандық көрген жоқ. Қайта елге ел қосылып, қарамыз көбейіп, құт болмаса... Ал мына жағдай бәрімізді ойландырып тастады. 5 жылға дейін азаматтық бермеу кімге қалай әсер ететінін білмеймін, маған ауыр тиді. Бұл – өте ұзақ мерзім. Өз атамекеніне келіп тұрып, азаматтық ала алмау адамға қай жағынан болса да кері әсер етеді. Қазаққа қазақты қарсы қою, бөліп тастау кімге керек бола қалды екен? Соны түсінбей отырмын. Керісінше сырттан келген қандастарымызға қолдан келгенше жағдай жасап, көмек беріп, азаматтығын әперу әлдеқайда тиімді еді. Одан ұтпасақ ұтылмаймыз. Қазақтың шұрайлы тілі де, ұмыта бастаған әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз де оралмандармен бірге оралар еді. Әлі де жағдай түзеледі деп сенемін, билікте «білікті, білімді, елім-жерім, ұлтым» дейтін азаматтар жеткілікті ғой. Бәлкім, заңды қайта қарайтын болар.

  

Әкім ЫСҚАҚ, қоғам қайраткері:

– Тәуелсіздік алған жылдардың басында Елбасымыз сауын айтып, жер шарына шашылып кеткен қандастарымызды өз отанына оралуға шақырып еді. Содан бері біраз жұрт атамекенге ат басын тіреп үлгерді. Азаматтығын алды, жергілікті халықпен иық тіресе, Қазақстанның көркеюіне өзіндік үлес қоса бастады.

Жалпы әлемде қандастарын шақырған үш ел бар: Германия, Израиль және Қазақстан. Ресей бұған былтыр қосылды. Путин орыстарды өз еліне шақыруда және барлық жағдайын жасауда. Дерекке сүйенсек, соңғы 6 айда Ресейге бұрынғыға қарағанда орыстардың оралуы күрт артқан. Бұл нені көрсетеді? Әрине Путиннің өз ұлтына қамқорлығы . Ал бізде ше? Бізде бұған дейін де Отанына оралған оралман азаматтығын алып, жұмысын тауып жүріп жатты. Тіпті өзге ұлт өкілдері басым, Павлодар , Петропавл жақтарда қазақтың қарасы көбейіп, жақсы болып қалып еді. Ал 5 жылдан кейін азаматтық беру әлемнің 44 мемлекетінде шашырап жатқан қандастарымыздың елге оралуына бөгет қою деген сөз. Азаматтығы жоқ азамат қанатсыз құспен тең. Ол еш нәрсеге дауыс бере алмайды, қажет кезде несие де ала алмайды. Бұл дұрыс емес. Рас, әлемнің бірқатар елдерінде көшіп келгендер 5 жыл тұрады. Сосын барып азаматтық береді. Бірақ елімізге келіп жатқан оралмандар өзге емес, өз қандастарымыз емес пе? Оларды елге шақырып алып, тағы бес жыл күттіргеніміз қалай болмақ?..

 Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, ақын, Мәдениет қайраткері:

– Оралман дегеніміз кім? Ол – 30 жылдарғы ойран, қуғын –сүргін кезінде амалсыз шет ауған қазақтар. Әрине одан да бұрын патшалық үкіметтің саясатымен келісе алмай сырт кеткен қандастар. Олар сыртта жүрсе де атамекенді ұмытпады. Өлмеді, өшпеді. Олар өздерін азат Қазақстанға келдік деп есептеді. Енді келіп оларға тосқауыл қою, азаматтық 5 жылдан кейін азаматтық беру, бұл қазақты құртуға ұмтылған кешегі голощекиндік саясаттың жалғасы десем, артық емес. Оралманға байланысты әлгіндегідей шешім қабылдау үкіметтің ұлттық ұстанымының қандай екенін көрсетті. Ендігі бар үміт күллі қазақтың иесі, Елбасымызда ғана қалып отыр. Ұлт көшбасшысы Президент дұрыс шешім қабылдап, бұл заңға вето қояр деп сенемін.
 

Просмотров: 574 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Қонақ   (31.10.2013 07:39) [Материал]
Тегі сол оралмандардың барынан жоғы.ашынан тоғы, өңшең бәле іздегендер...

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика