Сенбі, 04.05.2024, 06:05
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Тамыз » 3 » 31 арна президентке диверсия жасады
10:49
31 арна президентке диверсия жасады

Бек ДЕНЕРОВ.

  • 01.08.2013

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті мен

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі назарына

Сұрау хат

Қазақта "қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді" деген сөз бар. Билік тізгінін жіберіп алса, елде елдік қасиеттер әлсіресе, шаңырақ шайқала бастаса көрініс беретін сұмдықтарды сүреттеген нақыл сөз ғой...

Өткен демалыс күні, 31 арнадан бір кино көрдім. Ресейлік киностудия ағылшыншыдан жақсылап тұрып дубляждаған кино екен. Аты "Президент ұшағы" деп аталады. Бұрынырақта бір-екі рет Қазақстан есіміне кір келтіретін осындай бір фильм бар екенін құлағым шалған еді. Көңіл бөлмеппін оған. Е-е, жарайды, жамандаса, жамандай берсін, онда тұрған не бар, «ит үреді, керуен көшеді», иттердің иттігіне алтын уақытымызды сарп етудің өзі обал-ақ, деп, түйе салғамын өзімше.
Енді, осы фильмді көре бастағанда, кенеттен басыма біреу шоқпармен қойып қалғандай болдым да қалдым! Бұл туындыны қарап отырып пікірімді түбегейлі өзгерттім. Анық көзім жеткені – бұл қазақ атына, қазақ елін басқарып отырған елбасымызға арнайы ұйымдастырылып істелініп отырған қастандық, масс-медиялық диверсия, керек болса, лас идеологиялық, нағыз барып тұрған дұшпандық пиғылдан туған дүние екен!

Жо-жоқ, бұл фильмде Қазақстан аты аталса да, президенттің аты да, оның түрі де, заты да мүлде басқа ғой деу мүмкін осындай фильмді біздің "прокатқа" жіберуге рұқсат берген мекеме басшылары. Олар не десе де, өз обалы өздеріне.
Фильм сюжетіне зер салып көрелік.

1997 жылы (назар аударыңыз, ағайын, Қазақстан жаңа егемендік алған кезеңді мегзеп отыр!) Қазақстанда қылмыстық топ билікке қол жеткізеді. Қазақстанның президенті – нөмір бірінші қылмыскер, сыбайлас жемқорлық банданың басшысы әрі генерал. 
Қазақстан астанасына АҚШ спецназы парашютпен түсіп, Ақорда қорғанысын жаппай қырып салып, ел президентін жылы төсегінен жұлып алып, ұрлап алып кетеді.

Ия, ия, ағайын, дәл осындай сюжет! Әлбетте, ол президенттің түрі де қазаққа ұқсамайды, аты да басқаша... Бірақ, мемлекеттің аты тайға таңба басқандай анық айтылады, бір емес, бірнеше рет, бүкіл фильм бойынша қайталана береді! Ол біздің еліміздің қасиетті атауы – Қазақстан! Басқа біреуді меңзегісі келсе де, жалпылама образ ретінде, мейлі Азиястан десе де (бүкіл азиялықтар оларға надан, топас жұрт боп көрінері белгілі ғой), немесе Исламстан десе де (бүкіл дүниежүзі мұсылмандардан сескенгендігін жасыра алмаса), не десе десін, бірақ ай мен күннің аманында, Қазақстан Республикасы БҰҰ-на мүше болған кезде, еліміз дербес егемендікке қол жеткізген тұста осылай ашықтан-ашық атымызға, киелі атауымызға, ұлт есімімізге кір келтіргенді біз қалайша көз жұмып кешіре салуымызға болады, ағайын?

Бұдан кейін, Москвадағы бір үлкен жиынды көрсетеді. Ол жерде АҚШ президенті сөз сөйлейді. Сөзі Қазақстан туралы. Не дейді сонда? Қазақстан жемқорлыққа белшесінен батқан ел дейді, жыл сайын Қазақстанның президенті 200 000 мың азаматты о дүниеге аттандырады, дейді. Сондықтан осындай әділетсіз, диктаторлық режимдермен біз, Америка және бүкіл басқа өрниетті елдер, білек сыбана күресуіміз керек, соғысуымыз керек, дейді АҚШ президенті.

Сөзін бітіре сала, АҚШ президенті өзінің "Нөмір бірінші бортына" жайғасады да Ресейден таяды. Бірақ ұшаққа Қазақстан президентінің "сарбаздары" да жасырынып кіріп кетіп, біраздан соң ұшақ ішінде жанжалды бастайды. Сол кезде (бұны айтқан АҚШ-тың президенті ме, басқа жоғары лауазымды біреулер ме, дәл есімде қалмапты) мынадай сөздер тыңдарман құлағына әдейілеп тасталады. Әңгіме, диктаторлар Саддам Хусейн туралы, Ирак туралы қозғалғанда: "Ойбай-ау мынаның [Қазақстанның президентін айтып отыр!] онда да күйеу балалары бар болғаны ғой!"
Ал, керек болса! Осы сөздерді естіген соң, мен, сол тұста жанымдағы балаларым мен жұбайымнан ұялып, телевизорды бірден өшіріп тастағым келді.

Дегенмен, не де болса, аяғына дейін шыдап көрейін дедім (ойымда, жасырмаймын, бір кішкентай үміт те болды сонда, кім білер, фильм соңында мұның бәрі бір комедия-өтірік, қалжыңға айналып кете ме деген)...

Жарайды, анау ұшақтағы Қазақстан президентінің "сарбаздары" (банды есебінде) АҚШ президентінің қорғаушыларын қырып тастап, АҚШ-қа талап қояды: біздің басшымызды, ұрланған Қазақстан президентін дереу қамаудан босатпасаңыздар, біз әр жарты сағат сайын бір-бір адамнан атып өлтіріп тұрамыз дейді. Ұшақта елушақты адам қапты, АҚШ президентінің жанұясы бар. Президенттің өзі тығылып қалып, жалғыз өзі бүкіл бандымен соғысты бастайды. Кейін ол да қолға түседі. Әйелі мен қызына тапаншасын тақап, Қазақстан президентін басатуға бұйрықты бермесеңіз, біз оларды атып тастаймыз дегенде, АҚШ-тың президенті: Қазақстанның президентін түрмеден босатуға әсте болмайды, ондай қылмыскерлерге қайыр мен мейірім, кешірім біздің тараптан ешқашан болмайды, деп, сөзін үзілді-кесілді шорт тияды "батыр"-президент...

Алайда, өз елбасысының қамын ойлаған Ақ үй Қазақстан президентін қамаудан босатуға нұсқау береді. Ол, енді, босап, түрмеден шығып келе жатқан тұсында, ұшақтан АҚШ президенті болмай, амалын тауып арнайы телефон шалып бұл бұйрықты да тоқтатады. Аяғында, не керек, Қазақстан деп аталатын елдің басшысын атып өлтіріп тынады фильм жасаған жүгірмектер.

Фильмде Қазақстанның қалалары (Ақтөбе, т.б) аталады. Жалпы, бүкіл кино барысы бойынша, қазақстандықтарды өресі төмен қылмыскерлер деп көрсетіп (МИГ-тармен елбасысын қорғау үшін ұшып келген ұшқыштар туралы, т.б.), американдықтарға келгенде: "Міні, біздің жақсы жігіттеріміз!" сықылды сөз тіркестері толып жатыр...

Жарайды, қойшы, фильм осыншама сөзді сарп етуге тұрарлық дүние емес екені белгілі болса да, мен еліміздің жоғарыда аталған мекеме басшыларынан мынандай сұрақтарға жауап алғым келеді.
Кім Қазақстан атын мазақ қылған, Қазақстан деп аталатын мемлекеттің президентін қылмыскер деп көрсеткен фильмге Қазақстан телеарнасынан насихатталуына ресми рұқсатын берген? Қай мекеме, нақты кім?

Кім жауапты, кім жауап беру керек? Кім жауап береді бұған?

Жалтару, ақталу немесе басқа бір амалын тауып, мәселен, бұл өнер туындысы деген сияқты, ж.б. сылтауларды алға тартқандық бұл жолы, меніңше, есепке қатал алынбау керек. Өйткені бұның ешқандай бір құнды өнер туындысы емес, арзаққол, қалай болса солай жасалынған боевик-сымақ кино екенін мамандар жақсы таниды. Және де тапсырыс арқылы жасалғаны да анадайдан айғайлап тұр (күйеу балалары туралы әңгіменің өзі көп нәрсені аңғартады ғой біліктіге). 
Кім тапсырысты беру мүмкін екені де ешқандай құпия зат емес. Алаяқтар, еліміздің көркеюі мен нығаюың көре алмайтын сұмдар аз ба?

Бірақ сол сұмдардың сойылын соғатын атқамінерлердің арамызда аман-есен жүргенін қалай жобалауға болады, ағайын? Шынында да, қақпақсыз қазан, иесіз ел ме едік, қазағым?

«Шын-ақпарат»

Просмотров: 637 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика