Сәрсенбі, 01.05.2024, 08:11
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 20 » Қырғаз шекарасындағы дау.
13:26
Қырғаз шекарасындағы дау.


Ал Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеевтің Азаттық тілшісіне айтуынша, қырғыз азаматтарының Қазақстан аумағына мал 
Қазақстанға кететін судың бөгелген тұсы. Қырғызстан, 8 шілде 2013 жыл.Қазақстанға кететін судың бөгелген тұсы. Қырғызстан, 8 шілде 2013 жыл.
жаюына Жамбыл облысы басшылығы рұқсат еткен. Ол бұл рұқсатты көрші ел азаматтары Жамбыл облысындағы егіс алқаптарына су жібермей қойған соң бергенін айтады.

– Шекараның ортасынан кесіп, мал айдайтын жерді ашып бердік. Енді біздің территориямызға кіріп мал жаяйық деді. Оны да мақұл дедік: «Таудың арасы ғой, жайса жая берсін» деп. Оған да келісіп отыр облыс әкімі. Кеше Жамбыл облысының әкімі Қырғызстанның Талас облысының губернаторымен кездескен. Бірақ су мәселесі әлі шешілмей жатыр, – деді Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеев шілденің 16-сы күні Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, «Қызыларық және Ақтөбе ауылдары бір аптадан бері сусыз отыр».

Азаттық тілшісі Жамбыл облысы әкімшілігінен мәлімет ала алмады. «Облыс әкімінің қырғыз малшыларының шекарадан мал өткізіп жаюына рұқсат еткені рас па?» деген сауалды ҰҚК шекара қызметінің оңтүстік бөлімшесінің баспасөз өкілі Пернебек Біләлбековке қойдық. Ол түске дейін хабарласқанымызда «Тиісті мекемелерден нақты ақпарат алып беремін» деп уәде еткен еді. Алайда түстен кейін «Орталық аппараттың баспасөз қызметі өздері жауап беретін болды» деді. Ал ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен бұл мақала жарияланғанша жауап болмады.

Дереккөз: Азаттық радиосы.
Просмотров: 495 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
0  
1 Jakup   (20.07.2013 14:16) [Материал]
Бұл не өзі, өз суымызды өзіміз қырғыздарға жайылым беріп алсақ не болғаны? Бара-бара олар одан да зорын сұрар деп қорқамын.

0  
2 Zhahar   (20.07.2013 23:08) [Материал]
Осы сілтемеде Жамбыл облысы әкімдігінің бұл жағдайды жоққа шығарғаны баяндалыпты.http://news.nur.kz/273278.html Тірі қазақ бей-жай қарамайды!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика