Сейсенбі, 30.04.2024, 00:51
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 22 » Смағұл Елубай, жазушы: Сорымызға біткен он сорақылы
08:47
Смағұл Елубай, жазушы: Сорымызға біткен он сорақылы

Smagul Yelubai picture1-сорақылық. 300 жыл бойы мойнымызға ілінген отарлық қамыт мойнымыздан түссе де.., миымыздан түспепті. Сол отарлық қамыт санамызда әлі де салпақтап тұр. Саяси отарсыздану рухани отарсыздануға ұласпады.

2-сорақылық. 2 миллиондай қазақтың өз Отанында отырып орыстануы.

3-сорақылық. Орыстілді сол 2 миллион қазақтың есебінен Республикадағы орыстілділердің саны көбейіп, бүгінде 7,5 миллионға жетуі, Бұл деген сөз – бірер жылда таразының орыстілділер жағы басқан күні тіл үшін күрестің де мезгілі өтеді деген сөз. Сорақылықтың көкесі – осыны ұқпау.

4-сорақылық. Тіл заңының қабылданғанына 20-дан астам жыл өтсе де, жалған қазақстандықтардың қазақша 20 сөз үйренбеуі. Және олардың қонжиып мемлекеттік қызметтерде отыруы.

5-сорақылық. «Тіл туралы» Заңды қабылдаған Парламент, ол Заңды іске асыруға тиіс Үкімет және осылардың бәріне басшылық етуші Президент аппаратының әлі күнге шейін өздері дайындаған осы Заңды орындамай отырғаны.

6-сорақылық. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жарияланғанына қаншама жыл өтсе де, 4100 мың қазақ баласының мектептерде өз тілінде емес, өзге тілде дәріс алып жатуы.

7-сорақылық. Бір Алматының өзінде 369 балабақшаның тек 30-ы ғана қазақ балабақшасы. Бұл – барлық деңгейдегі биліктің кешегі жекешелендіру тұсында ұлт болашағын ойламағандығынан болған сорақылық. Алматыдағы 369 балабақшаның ең болмағанда жартысы бүлдіршіндерге мемлекеттік тілде тәрбие беруі керек еді.

8-сорақылық. Онсыз да қоғамдық өмірден оңбай шеттетілген қазақ тілін қорғаудың орнына кейбір жалған қазақ бауырларымыз шындықтың өңін айналдырып, Қазақстандағы онсыз да үстем тіл – орыс тілін қорғау керек деп айқай салып жүр. Байбалам салып жүр. Бұларды кешегі зұлымдық империясының бүгінгі итаршысы демегенде… кім дейміз?!

9-сорақылық. Қазақстан ақпарат құралдарында, әсіресе, телеарналарда мемлекеттік тіл салтанат құра алмай отыр. Кейбір жағдайларда мүшкіл күй кешуде.

10-сорақылық. Жеке басты сорақылық. Қазақ қауымының осынау асқынған ұлтсыздықты үйреншікті қалып деп қарауы, «норма» деп қабылдауы. Сорақылықтың сойқаны осы.


Дереккөз: Айқап.кз

Просмотров: 664 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (22.07.2013 08:52) [Материал]
Өз ішіміздегі кертартпалар тұрғанда тіл алға баспайды. "Іштен шыққан жау жаман" - дегенді бабаларымыз күйгеннен айтса керек.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика