Дүйсенбі, 29.04.2024, 00:06
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 8 » Пошташының кесірінен жұртшылық жәрдемақыдан қағылып келеді
22:50
Пошташының кесірінен жұртшылық жәрдемақыдан қағылып келеді
07 Наурыз 2014



Жамбыл облысы Меркі ауданының тұрғындары бірнеше айдан бері жәрдемақы мен жөргекпұлға қол жеткізе алмай жүр.

Бес ауылға қызмет қылатын жалғыз пошта, "ақша жоқ" деген желеумен жұрты сергелдеңге салған. Арзымайтын қаржыларын ала алмаған ағайын ақыры шу шығарып, жауаптылардың қызметінен кетуін талап етті, деп хабарлады КТК арнасы.
Ал, аудандағы поштаның басшысы бар кінәні жергілікті билікке артуда. Көз жасын көл қылған жалғызбасты келіншек — 4 баланың анасы. Баласының екеуі мүгедек, кенжесі бір жаста екен. Сондықтан сәбиін бағып байланып отыр. 4 перзентіне айына 7 мың теңге жәрдемақы беріліп келген. Бірақ, сол болмашы ақшаның өзін үш айдан бері поштадан ала алмай жүр.
"Өзім пәтерде тұрамын, балам мүгедек Таразда жатыр. Қызым талып қалады үнемі. Пәтерде тұрамын ақшамды күнде бер деп сұрап келеді. Ал, бала шағам аш жатыр. Кеп сұрасам ақша жоқ дейді", — деп шағымданды Аңдас батыр ауылының тұрғыны Ләззат Әбдірахманова.
Жөргекпұл мен жәрдемақысын даулаған жұрттың қарасы көп. Айтуларынша, ауылдағы пошта басшысы өзі-би, өзі қожа екен. Көңілі қаласа қаржыны береді, болмаса ақша жоқ деген желеумен кері қайтарады. Тұрғындар жергілікті билікке де шағым түсірген, бірақ нәтиже жоқ.
"Гранитагорск ауылына келемін, күніне ары- бері 800 теңге жолыма кетеді. Мысалы қарасаңыз үш ай болды, Құлан көрші ауыл алып қойған. Ал бізде тексеру жоқ, Меркіні сонда тексермейді ма ешкім", — дейді Гранитогорск ауылының тұрғыны  Рима Сұлтанқұлова.
Тұрғындардың айтуынша, пошта қызметкері бұған дейін алаяқтықпен істі болған екен. 4 жыл бойына мүгедекке берілетін қаржыны өзінің қалтасына басып келген.
Оның қылмысы әшкере болып, 3 жыл жартты мерзімге сотталған. Бірақ соған қарамастан жұмысына қайта оралыпты. Жұрттың ызасын туғызғаны да осы.
Андас батыр ауылының тұрғыны Айсажан Зайытовтың айтуынша, бұрынғы басшы сотталса да , осы жерде бүгінгі уақытқа дейін жұмыс істеп жүр. Шу шығып біле бастағанан кейін бүгін келсек бір еркекті отырғызып қойыпты. Сөйтсек күйеуі екен. Өзі мүгедек, ешқандай білімі жоқ зейнеткер халықтың ақшасын таратпақшы.
Пошташыны жұмыс орнынан табу мүмкін болмады. Ал, аудандағы байланыс торабының басшысы істі болған бұрынғы қызметкері қайта жұмысқа оралған жоқ деп мәлімдеді. Орнына күйеуі келгені рас, бірақ келеңсіз жағдайға ол емес, жергілікті билік кінәлі деп салды.
Шенділер бес ауыл тұрғындарына жәрдемақы мен жөргекпұл таратуды бір-ақ поштаға міндеттепті. Қаржыны үлестіріп, үлгермей жатқаны сол екен.
Меркі аудандық пошта байланыс торабының бастығы Қонысбек Райымбаевтың пікірінше, ауылдан елдер қашық 20 км жерден келеді, Арал қышлақтан, Қызыл қышлақтан, Шалдавардан келеді. Ол аралықтың бәрі сондай. Сонда 4-5 ауылдың бәрі жалғыз Аңдас батырдағы поштадан келіп алады.
Онсыз да ілініп-салынып, әрең жүрген қарашаға атқамінерлер қос-қостан газетке жазылуды міндеттейді екен. Алайда мұны шенділердің өзі мойындамай отыр. Алдағы күндері талай былықтың беті ашылуы ғажап емес. Өйткені осы шудан кейін қаржы полициясы тексеруге кірісті.

Ұлт.кз

Просмотров: 650 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (08.03.2014 22:52) [Материал]
Барлық аймақта пошта жөнінен осындай былықтар, не сұмдық бұл?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика