Дүйсенбі, 29.04.2024, 07:23
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 8 » Қазыны бренд қыламыз деп жылқыны қырып алмайық
23:05
Қазыны бренд қыламыз деп жылқыны қырып алмайық
Қазыны бренд қыламыз деп жылқыны қырып алмайық

Ия, қазақтың қазысы 150 млнға тарта халқы бар Ресей нарығына шыққаны әрине жақсы. Мәскеуде 10,1 млн халық бар. Биылғы тапсырыс 200 тонна. Жерік болған адам, жерік асын жемей тынбайды. Ертең 200 мың тонна қазы «давай» десе қайтеміз.

Орыстар колбасаны қазыға айырбастап жатыр деп, ақпарат құралдары жар салуда. Не түрткі болды екен әә! Талпақ танаудың майы қосылмаса колбаса нығыз, сапалы болмайды. Технология солай.

Содан да болар мұсылманға колбаса жат. Орыстар талпақ танаудың зияндарын біле қойған ба. Әлде баяғыдан, бәкене қазақтың түйедей орысты ат үстінде, сабы үш қарыс шолақ қамшымен түртіп құлататқанының сырын жаңа білдіме ... Кеше қазақтың жылқысына өш, бүгін дәмді қазысына жерік бола қалыпты. Білмегені жақсы еді. Қазақтың қанаты жылқыны қазы жасатып құртпаса болғаны...

Ақпарат құралдарының мәліметіне сүйенсек Мәскеуліктер қазыға жерік болып қалған сияқты. Бұрындары қазыны экспортқа шығаруға славян тектес ұлтар жылқы етін жемеуі себеп болған. Жылқы жемеді деп, қазақтар ренжіпте жүр еді. Қәзір олай емес.

Олай дейтініміз. Ақмола облысының Сабынды ауылындағы «Бақара» ет комбинаты Мәскеуге өткен қаңтар айында 15 тонн қазы жеткізген. Өткен жылғы Мәскеуліктердің тапрсырысы 35 тонн болса, биыл 200 тоннаға бірақ артқан.

Жылқы етіне пысқырмайтын орыстардың жерігі олимпиаданың екі мәрте жеңімпазы зілтемірші И. Илиннің қазының ерекше қасиетін бағалағаны және чемпион болудың басты құпиясы қазыда деп, мақтанышпен айтқаннан кейін артқан сияқты.

Ия, қазақтың қазысы 150 млнға тарта халқы бар Ресей нарығына шыққаны әрине жақсы. Мәскеуде 10,1 млн халық бар. Биылғы тапсырыс 200 тонна. Жерік болған адам, жерік асын жемей тынбайды. Ертең 200 мың тонна қазы «давай» десе қайтеміз.

Дамбалсыз қалмаспыз, бірақ қазы жасайтын жылқы жетпей қалмайма. Доңыз емес қой жылына 2 рет төлдеп, он қорсылдақтан әкелетін. «Бақара» ет комбинаты қәзір күніне 5 жылқы сояды екен. Бір жылқыдан орташа 40 кг қазы шықса, 200 тоннға 5000 астам жылқы керек екен. Сойыстың жылқысы 2 жасардан асқан болуы керек.

Ақмола облысында жылқы саны 2013 ақпан айында 116,1 мың бас жылқы, 2014 ақпандағы мәлімет бойынша 125,2 мыңға өсіпті. Өсімі 9,1 мың. Жоғарғы қажеттілікті Ақмола облысының бір жылғы өсіміне жуықтап тұр. Республика бойынша 1748,1 млн бас жылқы саналған .Есепке жүгінсек Қазақ елінің барлық жылқысын сойғанда 70000 тонн қазы түседі.

Бүгін Мәскеуліктер ертең Ресей халқы қазыға дәніксе. Жылқыдан жылқы қалама. Сыртқы сұраныс артса, ішкі баға артпайма. Қымбатшылық болады. Өз қазағымыз қазыдан қағылама.

Қазаққада құнарлы ас керек. Қазақта атасының асы қазы жегісі келеді. Жеуге тиіс. Комбинаттар өз алдына, жеке тұлғалардың қазыға деген, сұранысмен қажеттілігі шексіз артпайма. Кеден одағымыз, шекерамыз ашық.

Онсыз да жылқысын ұрлатып қорасымен даласы босауға шақ ауыл жұрты, одан бетер болмайма. Керісінше Ресей жеріне өз жылқылары арқылы, өздеріне қазы өндіретін Қазақстандық шағын комбинаттар орнату керек.

Кезінде қызыл комунистер қазақты басу үшін жылқысынан айыру керек деп, қырғынға салған еді. Енді қазысын жейміздеп, қырып салмаса не қылсын.

Қазан төңкерісінің алдында ғана тек Орынбор облысында 1,8 млн жылқы болыпты. Орыстың арасында отырған Орынборлықтардың жылқысы осыншама болғанда кең далада шалқып жүрген қазақтың жылқысын санамай ақ, көз алдыңызға елестетіп өтіңіз. .
Мәскеуліктер қазы жеді, қазыны брендлеп қатырдық деп, бөрікті аспанға атып, қалтаны қампайтудан бұрын, қазан атпен, қазақтын қамында бір кез ойлаған жөн. Әрине, Қазақстанда жылқы миллиондап саналса, айтар уәж не .

Біздікі қазақтың, ұлтымыздың, ұрпағымыздың ертеңіне алаңдап шыжылдағандық, әйтпесе біреулердің жеген қазы қарта, жал жаясымен, қалтасын қызғанғандық емес.

Ұлт порталы

Просмотров: 548 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
0  
2 rakhatik   (10.03.2014 14:46) [Материал]
Әрине дұрыс мағлұмат. Жылқы саны көбейе берсін.Қазақтар неге орыстарға қазы тасиды? Өзімізге жетсе болды да.

0  
1 Jakup   (08.03.2014 23:08) [Материал]
Сұраныс болып халық пайдасын көре алатындай болса тамаша емес пе, қазақ жылқыны көбейтуді біледі, оған жер де жетеді.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика