Жұма, 03.05.2024, 22:35
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 5 » Қазақ елі өзін қашан етпен қамтамасыз етеді?
01:38
Қазақ елі өзін қашан етпен қамтамасыз етеді?


Қазақ елі өзін қашан етпен қамтамасыз етеді?

Осыдан үш жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылға дейін экспортқа ет шығаруды 60 мың тоннаға дейін жеткізу туралы Үкіметтің алдына міндет қойған еді. Оған Қазақстанның табиғи, климаттық мүмкіндігі молынан жететінін бәріміз де білеміз. Бірақ сол мүмкіндік тиімді пайдаланылмай келеді. Тапсырма берілген соң ғана біршама іс-қимылдар жасалып, ет өндіруді көбейту жұмыстары қолға алынған. Соның ішінде азды-көп жер тырнап, егін егіп жүргендерді жергілікті әкім-қаралар мал алыңдар деп біраз  дігерлеген. Тіпті, «мал өсірмесең, жеріңді тартып аламыз» деген қорқытуларға дейін барғанын білеміз. Алайда қара күш қалыптасқан жағдайға төтеп бере алмады. Кеден одағында болған соң Ресей мен Беларустан ағылған арзан, ішінара сапасыз ет фермерлерді қанша күштесе де өзіндік құнынан төмен болатын ет өндіруге да көндіре алмады. Сондықтан, сыртқа ет шығармақ түгіл қазақстандық ет өндірушілер ішкі рынокты толық қамтамасыз ете алатын өнім шығара алмай отыр.

Жуырда, елдегі барлық экономикалық, әлеуметтік мәселелердің қалың жұрт біле бермейтін қырларын қопарып жүретін Мәжіліс депутаты, экономика ғылымдарының докторы Тұрсынбек Өмірзақов Премьер-Министр Серік Ахметовке сауал жолдап,  осы мәселенің шешілмеу қырларына көңіл аударды. Депутаттың айтуынша, Ресми статистикалық мәліметтерге қарағанда ет өндіру соңғы бес жылда 15 пайызға ғана артқан. Соның ішінде 2012 жылы барлық өндірілген ет көлемі 934 мың тонна болса, 2013 жылы ол 1 пайызға ғана көбейіп, 943,4 мың тоннаны құрапты. Ал сол кезде... Елдің ішкі рыногындағы ет тұтыну көлемі жыл сайын 7 пайызға артып отырған. Бұл да елдің тұрмысының жақсарып келе жатқандығының бір көрінісі. Өйткені, ең қуатты, ең дәмді, сонымен қатар, ең қымбат тағамды қолдану артқан болса, бұл халқымыздың тұтынушылық әлеуетінің де артқандығы. Ал тұтынушылық әлеуеттің артуы – халықтың тұрмысының жақсарғандығының бір көрінісі. Сөйтіп, депутат Т.Өмірзақовтың келтірген дерегіне қарасақ, қазақстандықтар 2012 жылы 1 млн. 178 мың тонна ет тұтыныпты. Соның 79,3 пайызын ғана ішкі өндіріс қамтамасыз еткен. Демек, ішкі өндіріске ғана қарап отырар болсақ, қазақстандықтар жылына 55 кило ғана ет жей алады екен. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) белгілеген нормасы бойынша әрбір адам жылына 80 кило ет жеуі керек.

Ет жетіспеушілігін бүгінгі күнге дейін импорт жауып отыр. Басқаны  сырттан әкелсек те, етті сырттан тасығанымыз ұяттау, әрине.  Бірақ амал жоқ, «ет дегенде бет бар ма» демекші жетпеген соң оны сырттан тасуға мәжбүрміз. Соңғы бес жылда ғана ет импортының көлемі 10 есеге артыпты! Егер 2008 жылы ол 23,7 мың тонна ғана болса, 2012 жылы 249,7 мың тоннаға жеткен. Әрине, бұл еттің көбісі Ресейден келеді және оның негізгі бөлігі мұздатылған жағдайда жеткізіледі. Ал мұздатылған (үсітілген) еттің сапасы мүлде төмен болатынын жақсы білеміз. Алайда соны азаматтарымыз алуға мәжбүр.

2013 жылдың 3 тоқсанында 3 млн. 192 мың тонна ет Қазақстанға сырттан тасылған. Кедендік одақтың келісіміне сәйкес, ішкі ет өндірушілердің мүддесін көздеп  сырттан келетін етке кедендік салықты арттыра алмаймыз. Сондықтан ресейлік және беларустік еттің сапасы төмен болғанымен бағасы өтімді болып, күннен-күнге Қазақстан рыногын жаулап барады. Осындай жағдайда экспорт туралы сөз қозғаудың өзі ұят. 2012 жылы бар болғаны 1,5 мың тонна, ал 2013 жылдың 10 айында 4 мың тонна ет  және ет өнімдерін сыртқа шығара алыппыз.

Өзінің депутаттық сауалында осындай деректерді келтірген Т.Өмірзақов Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығын дамытудағы жұмысы тиімсіз екенін атап көрсете отырып, Премьер-министрден Елбасының 2016 жылы сыртқа ет сатуды 60 мың тоннаға жеткізу туралы тапсырмасын қалай орындайтын, отандық ет өндірушілер қазақстандықтарды қашан етпен толық қамтамасыз ете алатын сұрады. «Егер біздегі еттің  бағасы шетел етінен арзан болса, халық сырттың үсіген етін емес, өзіміздің жас етті алмас па еді?»  деді депутат.

Ауыл шаруашылығы ет өндірушілерінің экспорттық әлеуетін арттыруды көздеген арнайы бағдарлама да қабылданған. Депутат осы бағдарламаны орындауға сәйкес етті малдың саны қаншалықты артқанын да білгісі келген екен. Бұл өзекті мәселе болғандықтан Т.Өмірзақовтың депутаттық  сауалына тағы бірнеше депутат қосылды.

Марина Какимаки 

Айдары:  Дүрбі
Просмотров: 567 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Jakup   (08.03.2014 13:50) [Материал]
(Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) белгілеген нормасы бойынша әрбір адам жылына 80 кило ет жеуі керек.)
Құдайау мені ет жегіш дейді, бірақ жан басына шақсақ біздің үйде 40 кг-нан аспайды екен. tongue

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика