Қазақстан Темір Жолы Басқарма Төрағасына
Қазақстан Бас прокуратура назарына
Кеше билет алу үшін вокзалға бардым. Жап-жақсы тура шетелдегідей бірер автоматтар орнатылыпты. Керемет екен! Әр адам кассаның ұзын кезегінде шаршамай-ақ лезде өзі-ақ билет ала алатын мүмкіншіліктері жасалыныпты. Бұған шын жүректен қуандым…
Автоматқа барып, ретімен бірінші қала атын тердім. Жолға шығатын (пункт отправления) қалам Алматы еді. Бірақ осы атауды қанша терсем де, автомат қырсыққандай маған: ондай елді мекен жоқ деп жауап бере берді. Операцияны осылайша жөнді бастай алмайтын болған соң, амал нешік, билетімді де, әрине ... Ары қарай оқу"