Дүйсенбі, 06.05.2024, 21:39
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Тамыз » 16 » Шежірені менсінбеу– қазақ халқының тарихын менсінбеу
14:36
Шежірені менсінбеу– қазақ халқының тарихын менсінбеу

Қазақ тарихы Астана. 13 тамыз. Baq.kz- Қазақ тарихын жазғанда түрлі елдердің мұрағаттарындағы көне деректерді ғана аршымай, ел ішінде қалған көнекөздердің де айтқандарына құлақ түрген жөн. Ел жылнамасы әр рудың, әр әулеттің, әр атаның ауыздан ауызға көшіп келе жатқан ата тек шежіресі арқылы да жасалған. Ұлт тарихын жаңаша зерделеп жатқан осы кезімізде тарихшыларымыз мұны да қатаң ескере жүргені жөн. Өйткені, қазақ тарихын рулар шежірелер тізбегінсіз бүтіндеу мүмкін емес.


Шежіреге байланысты ойын тарих ғылымының докторы, профессор Талас ОМАРБЕКОВ былай деп түйіндейді:
–Кеңес үкіметіне дейінгі яғни Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіптің кезеңінде жазылған шежірелер бар ғой, Тынышпаев жазды. Бұл шежірелер қазақ деген халықтың тарихын шынайы жазу үшін жазылған болатын. Шынында да, қазақ халқының тарихын шежіресіз жазу мүмкін емес. Әрине, шежіре деректерін басқа деректермен салыстырып пайдалану керек. Өкінішке қарай, қазіргі кезде біз біріншіден, қазақ деген халықтың тарихын жазуда немқұрайдылық танытудамыз. Біз мемлекеттің тарихын жазумен айналысып келе жатырмыз. Соған құмармыз. Қазақ хандығының, ордалардың, қағанаттардың тарихын жазамыз. Ал ол қазақ халқының тарихы емес қой. Ол саяси тарих, шын мәнінде. Ал этникалық, қазақ халқының тарихы жазылуы үшін ру, тайпаларды жазуға тура келеді. Ал одан біз қашамыз. Сондықтан да кәсіби тарихшылар шежірені менсінбейді. Бұл – рушылдықтың көрінісі деп қарайтындар да бар. Екіншіден, шежірені шынайы тарихи шындықты бейнелемейді, дерек болуға жарамайды деп қарайтын бізде тарихшылар бар. Еуроцентризммен «ауырған» осындай тарихшылар шежірені еш уақытта өз еңбектерінде пайдаланбайды. Шежірені менсінбеу деген сөз – қазақ халқының тарихын менсінбеу ғой, жоққа шығару. Осыны біздің тарихшылар түсінбей қойды.
Жазып алған Дәулетқали АСАУОВ


Көрсетілім: 589 | Қосқаны: Jakup | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 1
0  
1 Қонақ   (16.08.2013 14:59) [Материал]
Ұлт тарихынан мемлекет тарихын жасауға мүдделі адамдар тұрғанда осылай жалғаса береді.

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика